GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 сентября 2026
Индерде X TRI INDER 2026 триатлон жарысы өтті

Индер ауданында X TRI INDER 2026 триатлон жарысы өтті. Спорттық додаға Атырау облысының Жылыой және Исатай аудандарынан, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Орал және Шымкент қалаларынан 120 спортшы қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыс барысында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Олар 600 метр қашықтыққа жүзу, 30 шақырым веложарыс және 10 шақырым жүгіру кезеңдерін еңсерді.

Жарыстың абсолюттік есебінде ерлер арасында Нартай Қазиев үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орын иеленді. Екінші орын Нұрмұхан Алиевке, үшінші орын Данила Гусевке бұйырды.

Әйелдер арасындағы абсолюттік есепте Бақытгүл Сәрмекова жеңімпаз атанды. Жанаргүл Нұрмұханова екінші, Арай Мұстахим үшінші орынға ие болды.

Ал эстафеталық жарыстың абсолюттік есебінде бірінші орынды Samgau командасы жеңіп алды. Екінші орын – Велоспорт, үшінші орын Inder командасына берілді.

Жарыс қорытындысы бойынша абсолюттік есеп пен эстафетаның жүлдегерлері қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге түрлі сертификаттар табысталды.

X TRI INDER 2026 жарысының жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтуіне Prime Aviation, «Sapsano» ЖШС, BI Group Batys және Batys Motors компаниялары қолдау көрсетті.

11 августа 2026
ИНДЕР АУДАНЫНДА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Елтай, Жарсуат және Бөдене ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 7 жаңа пәтердің кілті табысталды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Серік Нсанбаев қатысып, жаңа баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Аудан әкімі тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтап, баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – ауданымыздағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта тұрғын үй құрылысы мен азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, өткен жылы аудан бойынша 100-ге жуық пәтердің кілті тұрғындарға табысталған болатын.

Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! Әр шаңырақта шаттық пен береке орнап, жаңа үйлеріңіз қуанышқа толсын!

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 июля 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ӨТУДЕ

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан әкімінің орынбасары Фархат Шахметовтың ұйымдастыруымен рейдтік іс-шара өткізілуде.

Рейд барысында тұрғын үйлердің айналасының санитарлық тазалығы, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз төгілуінің алдын алу, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің нысандарының қасбеттері мен іргелес аумақтарының талапқа сай күтіп-ұсталуы бақылауға алынды. Заң талаптарын сақтап, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері аудан аумағында осы бағытта барлығы 14 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша 102 әкімшілік хаттама толтырылды.

Аудан тұрғындарын тазалық мәдениетін қалыптастыруға, өз аулалары мен кәсіпкерлік нысандарының айналасын таза ұстауға шақырамыз.

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 июля 2026
АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Серік Нсанбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар жол жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, апатты тұрғын үйлердің жай-күйі, көше жарықтандыру, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелерді көтерді.

 

Аудан әкімі С.Бағытжанұлы әрбір тұрғынның өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірме берді.

 

Сонымен қатар, жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілеріне тапсырмалар жүктеп, орындалуы бақылауға алынатынын атап өтті.

 

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сайлау
06 февраля 2026
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандағы сайлау комиссияларының мүшелері марапатталды

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған салтанатты шара өтті.

Аталған іс-шара барысында сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу кезінде жоғары жауапкершілік танытып жүрген сайлау комиссияларының белсенді және тәжірибелі мүшелері облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сайлау комиссиялары – елдегі демократиялық процестердің ажырамас бөлігі. Олар сайлау науқаны кезеңінде сайлау заңдылығының сақталуын қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың еркін таңдау жасауына мүмкіндік береді. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген комиссия мүшелерінің еңбегі қашанда құрметке лайық.

Шара барысында марапат иелерінің кәсіби біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеті, жұмысқа деген  белсенді азаматтық ұстанымы ерекше атап өтілді.

Барша марапат иелерін құттықтаймыз!
             Ел игілігі жолындағы қызметтеріне зор денсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Сайлау
04 февраля 2026
Дүниежүзілік сайлау күніне орай КВИЗ интеллектуалды ойыны өтті.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай КВИЗ интеллектуалды ойыны өтті.

Дүниежүзілік сайлау күні аясында аудандық орталық кітапхана ғимаратында  аудандық аумақтық сайлау комиссиясында қызметтерін тұрақты кәсіби негізде атқаратын комиссия мүшелері  мен Жас сайлаушылар клубы мүшелері арасында «PRO-Сайлау» тақырыбында КВИЗ форматындағы интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

 Іс-шараның мақсаты – аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Жас сайлаушылар клубы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, сайлау мәселелері бойынша кәсіби білім деңгейін арттыру, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық сезімін қалыптастыру.

Ойынға екі команда қатысып, өздерін «Жастар» және «Book Star» деп таныстырды. Қатысушылар сайлау жүйесіне қатысты мазмұнды әрі қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

            Тартысты өткен интеллектуалды дода нәтижесінде «Book Star» командасы жеңіске жетті!

            Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызығушылығы және жоғары деңгейдегі дайындықтары үшін алғыс білдіреміз. Осындай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!

Сайлау
03 февраля 2026
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы өткізген басқосу

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының толық құрамының қатысуымен сайлау жұмыстарына қатысты тәжірибелік кейстерді талқылауға арналған арнайы басқосу өткізілді.

Басқосудың негізгі мақсаты – сайлау науқандары барысында туындауы мүмкін нақты жағдайларды алдын ала зерделеу, оларды Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы аясында дұрыс әрі уақтылы шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру болды.

Кездесу  барысында сайлау процесінде жиі кездесетін тәжірибелік мысалдар ұсынылып, әр кейс бойынша заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау тетіктері талқыланды. Комиссия мүшелері өзара пікір алмасып, заң нормаларын қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сайлаушылардың құқықтарын қорғау, комиссия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай тәжірибелік форматтағы кездесулер аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сайлау процесін жоғары деңгейде, заң талаптарына толық сай ұйымдастыруға оң ықпал етеді.

Аталған басқосу Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудің маңызды бөлігі болып, сайлау институтының дамуына және демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тағылымды шаралардың бірі ретінде өтті.

Сайлау
02 февраля 2026
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау – болашаққа бастар жол» тақырыбында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен пікір алмасу кездесуі өтті.

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау – болашаққа бастар жол» тақырыбында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен пікір алмасу кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары қызметіндегі алқалылық, жариялық және ашықтық қағидаттарының маңызын түсіндіру, сайлау процесін ұйымдастыру барысында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және комиссия мүшелерінің кәсіби жауапкершілігін арттыру болды.

Іс-шара барысында сайлау науқанын өткізу кезіндегі өзекті мәселелер, сайлаушылардың сенімін нығайту, дауыс беру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

            Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу сайлау комиссиялары арасындағы өзара түсіністік пен бірлескен жұмысты нығайтуға ықпал етті.

Сайлау
02 февраля 2026
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандағы мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар өкілдерімен өткізілген кездесу

Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сапаров аудандағы мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Атырау облысы Индер аудандық филиалының өкілі Ұ.Шонышева және мүгедектер құқықтарын қорғайтын «Ақниет» қоғамдық бірлестігі Индер аудандық филиалының өкілі Ә.Өтегеновпен пікір алмасу кездесуін өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – ауданымызда мүгедектігі бар азаматтардың сайлау процесіне тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзара ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру бағытында сайлау комиссиялары атқарып жатқан жұмыстар, сайлау процесіне қолжетімділікті арттыру, дауыс беру кезінде қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Қоғамдық бірлестіктер өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сайлау
30 января 2026
Аккредиттелген қоғамдық ұйымдары өкілдерімен кездесу

Аккредиттелген қоғамдық ұйымдары өкілдерімен кездесу

Дүниежүзілік сайлау күніне орай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сапаров,  Индер ауданы бойынша Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен аккредиттелген «JAS NIET»  қоғамдық  қоры және «Жолбарыс» спорттық клубы қоғамдық бірлестігі  өкілдерімен кездесті.
            Кездесу барысында сайлау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудегі азаматтық қоғам институттарының рөлі, қоғамдық бақылаудың маңызы және өзара ынтымақтастықты нығайту, сайлау науқаны кезінде байқаушылар мен өңірлік сайлау органдары арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру және дауыс беру күні қолданыстағы заңдылық аясында тәуелсіз байқау принципін ұстану мәселелері талқыланды.

Кездесуге  қатысушылар сайлау мәдениетін арттыру, азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау және алдағы бірлескен жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
            Мұндай кездесулер қоғам мен сайлау органдары арасындағы сенімді нығайтуға және демократиялық құндылықтарды дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы