Атырау облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Атырау облысының 2023 жылғы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс 7 ауданнан, 1 облыстық маңыздағы (Атырау) және 1 аудандық маңыздағы (Құлсары) қаладан тұрады.

2023 жылдың 1 желтоқсанына халық саны – 703,2 мың адам, оның ішінде қала халқы 389,7 мың адам (55,4%).

2023 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,3% және басқалары – 2,7%.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың жалпы өңірлік өнімі 9 682,3 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 109,3%.

Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 12,8%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 13 887,1 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 895,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 111,1%.

Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 10 047,3 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 111,5%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 696,1 млрд теңгені құрады немесе 106,5%.

Негізгі капиталға 3 120,3 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 100,7%.

Облыс бойынша 738,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 88,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 220,7 млрд теңгені құрады немесе 100,2%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 0,2%-ға өсіп, 145,7 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында – 92,5 млрд теңге (102,2%) және егін шаруашылығында –
50,2 млрд теңге (97,1%).

Мүйізді ірі қара мал басының саны 2,5%-ға (203,7 мың бас), жылқы 1,8%-ға (111,1 мың бас), түйе 0,3%-ға (36,1 мың бас) артты, қой мен ешкі басының саны 3,1%-ға  (578,5 мың бас) азайды.

60,7 мың тонна ет (102,4%), 73,4 мың тонна сүт (103,6%), 7,5 млн дана (33,7%) жұмыртқа өндірілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны
65 045 бірлікті құрады немесе 2022 жылмен салыстырғанда 103,1%.

2023 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде орташа айлық жалақы
593 864
теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,5%.

2023 жылдың 3 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 358 299 теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,5%.

2023 жылғы желтоқсан айында инфляция деңгейі (2022 жылдың желтоқсанына) 109,6%-ды құрады (ҚР – 109,8%), соның ішінде азық-түлік тауарларға – 108,3% (ҚР – 108,5%), азық-түлік емес тауарларға – 108,0%
(ҚР – 109,1%), ақылы қызметтерге – 114,5% (ҚР – 112,4%).

Сауда көлемі 6 641,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 117,5%. Бөлшек сауда көлемі 466,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,8%.

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында облыстың сыртқы сауда айналымы 25 059,2 млн АҚШ долларын құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,5%, соның ішінде экспорт – 23 924,1 млн АҚШ долларын (85,6%), импорт – 1 135,1 млн АҚШ долларын құрады (112,6%).

Көлік және қоймалау қызметі 707,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 97,9%. Көліктің барлық түрімен 107,8 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2022 жылмен салыстырғанда 103,0%.

Байланыс қызметінің көлемі 16 908,0 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 109,6%.

Дата публикации
17 января 2024