Жаңа оқу жылының қарсаңында басқарма басшысы Марат Әбуов Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді

Атырау облысында 2025-2026 оқу жылында 228 білім беру ұйымы жұмыс істейді
Биыл 16 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.
"Келешек мектептер" жобасы аясында облыста өткен жылы 9 білім беру нысанының құрылысы басталған еді. Биыл 3 мектеп тапсырылды. Енді жаңа оқу жылында тағы 3 ғимарат пайдалануға беріледі. Олар Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Ақсай-2 елді мекендерінде салынған әрқайсысы 900 орынды мектептер.
Құрманғазы, Ақкөл және Құлсары қаласында және Тасқала-2, Еркінқала-2 елді мекендерінде салынып жатқан мектептер де жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Бұл жаңа білім беру нысандары облысымыздағы 3 ауысымдық мектептердің жүктемесін азайтады.