Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруАтом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізуге арналған сұрақтар тізімін мына сайттан табуға болады www.gov.kz → Мемлекеттік органдар → Басқалар → Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі → Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → Құжаттар → «түйінді сөздер» жолына «тест сұрақтарының тізбесі» сөзін жазыңыз.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал уәкілетті орган айқындаған тәртіппен «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабының 1-тармағына сәйкес атқаратын лауазымының біліктілігі мен кәсіптік даярлығы деңгейінің сәйкестігіне аттестаттаудан өтеді.
Сонымен қатар, аттестаттаудан Заңның 21 бабы 3-тармағының санаттарына жататын мамандар ғана өтетінін атап өтеміз.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары «Атом энергиясын пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 наурызда № 13468 болып тіркелген.)
Лицензиялық алымды төлеу төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:
Бюджеттік сыныптама коды (БСК)– 105402;
Төлем мақсатының коды (ТМК) – 911.
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді.
2025 жылғы 1 қаңтарда 1 АЕК = 3 932 тенге
2026 жылғы 1 қаңтарда 1 АЕК = 4 325 тенге
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым):
|
№ |
Лицензияланатын қызмет түрі |
АЕК алым мөлшерлемелері |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері: |
|
|
1. |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау |
100 |
|
2. |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу |
50 |
|
3. |
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
10 |
|
4. |
Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
5 |
|
5. |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету |
5 |
|
6. |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу |
50 |
|
7 |
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау |
50 |
|
8. |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызмет |
10 |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің түрлері мен кіші түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына 1-қосымшаның 17-26-тармақтарында келтірілген.
Егер Сіз қызмет түрінің және/немесе онымен айналысуға ниет білдірген қызметтің кіші түрінің атауын анықтаумен қиындыққа тап болсаңыз, онда Сіз Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетіне келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалып, сұрақ қоя аласыз: 8(7172)-57-16-14, 8(7172)-57-16-11, 8(7172)-57-16-18.