Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдаулар отырысының ХАТТАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы                                   2022 жылғы   15  қыркүйек

 

Төрағалық еткен: Е.Е. Каналимов – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы.

 

Қатысқандар:

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, қала тұрғындары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қала департаменттері мен басқарма басшылары,  қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

 

Күн тәртібі:

Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту  туралы.

 

Төрағалық етуші:

1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабының 1-тармағын және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, құрылымдық бөліктерге және елді мекендерге атау беру, қайта атау беру, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде сол аумақ тұрғындарының пікірін есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы   24 ақпандағы № 138 Қаулысын басшылыққа ала отырып, осы көпшілік тыңдаулар өткізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының жұртшылығына көпшілік тыңдаулар өткізілетіндігі туралы БАҚ және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының интернет-ресурсы арқылы ақпарат берілді.

 

ТЫҢДАҒАНДАР:

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Зиябекұлы Есіркеп баяндамасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобынан Қазақстан Республикасының елордасы  – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы ұсыныстар түскендігін атап өтті.

Аталған ұсыныс 2022 жылы 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының кезекті отырысында қаралып, оң шешімін тапты.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Зиябекұлы Есіркеп Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын  Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы мәселені енгізді.

 

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Мәселені талқылауға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері  М.К. Мұстафин, К.А. Құрманәлиев, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының мүшелері  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Б.Ғ.Аяған, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысып, Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы С.З. Есіркептің ұсынысын толығымен қолдады.

Көпшілік тыңдаулар қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясы        ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының  атауын Қазақстан Республикасының елордасы  – Астана қаласы деп өзгерту   туралы ұсынысы қолдансын.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары хаттамаларын интернет-ресурстарда орналастырсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты

тұрақты комиссияларының

қоғамдық тыңдау төрағасы,

Нұр-Сұлтан қаласы

мәслихатының хатшысы                                             Е. Каналимов

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты тұрақты комиссиялары көпшілік тыңдаулар отырысының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
15 сентября 2022