Шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек:

 

  • азаматтардың келесі санаттары үшін кірістерді қоспағанда, шипажайлық-курорттық емдеу

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы      1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте ақталған қатысушылар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

            жолдама құнының 25%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;

жолдама құнының 18%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін шипажайлық-курорттық карта;

Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi.

Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.

Шипажайлық-курорттық емделу құқығы екі жылда бір рет бойынша жасы зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне беріледі.

Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Толық кеңес алу үшін Бейбітшілік көшесі 9, тел. 55-69-63 мекенжайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуға болады

Шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек
Дата публикации
27 июня 2023