GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Басқарма туралы
Құжаттар
Все материалы
Азаматтарды әскери қызметке шақыру
14 сентября 2026
Астана қаласының әскерге шақырылушылары мерзімді әскери қызметке аттанды

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Астана қаласының шақырылушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласындағы бөлімдеріне мерзімді әскери қызмет өткеру үшін аттандырылды.

Жас сарбаздарға сәтті қызмет, зор денсаулық және әскери борышын абыроймен атқаруды тілейміз!

Аумақтық қорғаныс
08 сентября 2026
Запастағы әскери міндеттілердің әскери жиындары өткізілуде

Астана қаласының аумақтық қорғанысының әзірлік деңгейін арттыру, сондай-ақ запастағы әскери міндеттілердің білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 7-16 қыркүйек аралығында 99255 әскери бөлімінің запастағы әскери міндеттілерімен әскери жиын өткізілуде.

Әскери жиын барысында әскери міндеттілер әскери қызметтің негізгі бағыттары бойынша даярлықтан өтіп, бұрын алған білімдерін жетілдіреді және аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің құрамында қойылған міндеттерді орындауға қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

Азаматтарды әскери қызметке шақыру
07 сентября 2026
Астанада әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шығарып салу рәсімі өтті.

2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды шығарып салу іс-шарасы өтті.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 20 шақырылушыдан құралған екінші команда жіберілді.

Іс-шараға тиісті мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Болашақ әскери қызметшілерге зор денсаулық, қызметте табыс және әскери борышын абыроймен атқару тілектері білдірілді.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру - жауапты әрі абыройлы міндет. Әскери қызметшілер қажетті даярлықтан өтіп, әскери тәртіпті сақтап, мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын болады.

Күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда.

Азаматтарды әскери қызметке шақыру
07 сентября 2026
Қорғаныс министрлігінде көктемгі әскерге шақыру қорытындылары мен ҚР ҚК жасақтау міндеттері талқыланды

2026 жылғы 4 қыркүйекте Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабы бастығының төрағалығымен кеңес өтті.

Жиында 2026 жылғы көктемгі шақыру науқанының қорытындылары қаралып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігін жас толықтырумен жасақтау нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар Ұлттық ұланды жасақтау бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.

Кеңеске бейнеконференция байланысы режимінде Астана қаласынан Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Р.К. Бешеев, қала әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі М.З. Ельчибаев, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің және медициналық комиссияның өкілдері қатысты.

Кеңес барысында әскерге шақырылушыларды іріктеу, медициналық тексеруден өткізу және оларды әскери бөлімдерге жөнелту жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды. Шақыру науқанының сапасын арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Аумақтық қорғаныс
Жұмылдыру дайындығы
04 сентября 2026
Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

2026 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысының төрағалығымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу барысында аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, сондай-ақ соғыс жағдайы режимі енгізілген жағдайдағы жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Іс-шараға қала әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, аумақтық қорғаныс бригадасының, Төтенше жағдайлар департаментінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін, негізгі міндеттерді, сондай-ақ аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-қимылдардың реттілігін қарастырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жұмыстың одан арғы бағыттары айқындалып, жұмылдырылған барлық органдар мен бөлімшелердің сапалы дайындығын және үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Азаматтық қорғаныс
25 августа 2026
Астанада дабыл-дыбыс құрылғыларын орнату орындарын нақтылау бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 24 тамызда Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау басқармасында Басқарма басшысының төрағалығымен кеңес өтті.

Кеңес барысында Астана қаласының аумағында, атап айтқанда Есіл және Нұра аудандарында дабыл-дыбыс құрылғыларын орнату үшін бұрын айқындалған орындарды нақтылауға қатысты мәселелер қаралды.

Кеңеске қатысушылар құрылғыларды орналастырудың өзектілігі мен орындылығын қаланың қолданыстағы инфрақұрылымын, аумақтардың ерекшеліктерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты тиімді әрі уақтылы құлақтандыру қажеттілігін ескере отырып талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша дабыл-дыбыс құрылғыларын орналастыру орындарын нақтылау және Астана қаласының құрылып жатқан азаматтық қорғау жүйесі шеңберінде олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар айқындалды.

Аумақтық қорғаныс
10 августа 2026
2026 жылғы 15 шілдеде Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен әскери жиынның белсенді кезеңі өтті

2026 жылғы 15 шілдеде Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен өткізілген әскери жиынның белсенді кезеңі өтті. Іс-шара жеке құрамның практикалық дайындығын жетілдіруге, кәсіби дағдыларын нығайтуға және тағайындалуы бойынша міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.

Оқу-жаттығу барысында халықты, стратегиялық маңызы бар объектілерді, сондай-ақ көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын шартты қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының шабуылынан қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Әскери міндеттілер бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды, түрлі оқу тапсырмаларына ден қою тәртібін және күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Сонымен қатар, төтенше жағдай режимдері енгізілген кездегі бөлімшелердің іс-қимылдарына ерекше назар аударылды. Әскери міндеттілер қоғамдық тәртіпті сақтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аса маңызды объектілердің тұрақты жұмысын қолдау және мемлекеттік органдар мен жедел қызметтермен өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық міндеттерді орындады.

Белсенді кезең аясында аумақтық әскерлер бөлімшелері мен әскери міндеттілерді жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері де пысықталды. Оның ішінде байланыс жүйесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, медициналық сүйемелдеу және логистикалық қамтамасыз ету бойынша практикалық іс-шаралар орындалды.

Осындай әскери жиындарды өткізу аумақтық әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, әскери міндеттілердің кәсіби даярлығын жетілдіруге және аумақтық қорғаныс жүйесін нығайтуға ықпал етіп, халық пен мемлекеттік маңызы бар объектілерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеді.

Аумақтық қорғаныс
09 июля 2026
2026 жылғы 1 шілдеде Басқармада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 1 шілдеде Басқарма басшысы Руслан Камельханұлының төрағалығымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі талқыланды. Қатысушылар бірлескен іс-қимыл алгоритмін, тартылған құрылымдар арасындағы міндеттерді бөлуді және алдағы оқу-жаттығу аясындағы іс-шараларды орындауға дайындық мәселелерін қарастырды.

Кеңеске ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы А.А. Жоламанов, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, сондай-ақ Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын сапалы дайындау мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Аумақтық қорғаныс
09 июля 2026
Астанада әскери міндеттілерді әскери жиындарға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

2026 жылғы 7 шілдеде Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде запастағы 102 әскери міндеттіні 10 күндік әскери жиындарға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Астана қаласының Аумақтық қорғаныс бригадасына (99255 әскери бөлімі) тіркелген әскери міндеттілер он күн бойы практикалық сабақтар мен кәсіби даярлықты жетілдіруге бағытталған іс-шараларды қамтитын даярлық бағдарламасынан өтеді. Әскери жиындар олардың жүктелген міндеттерді орындауға әзірлік деңгейін арттыруға бағытталған.

Әскери жиындардың негізгі мақсаттары – жұмылдыру ресурстарын хабардар ету, қабылдау, шақыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды практикалық пысықтау, офицерлік командалық құрамның теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру, бригада басқару органдарының жұмылдыру іс-шаралары мен аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ әскери бөлімнің Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, әскери басқару органдарымен, арнайы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын нығайту болып табылады.

11 июня 2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара

2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ мен Астана қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» КММ бірлесіп салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлер Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауға қатысты.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары, халқымыздың бірлігі мен ұлттық құндылықтарының көрінісі. Аталған іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға, патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы