ШАҒЫН ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР
Астана қаласында шағын өнеркәсіптік аймақтар құру бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы орган – «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған дайын инфрақұрылымы бар заманауи өндірістік алаңдар құруда.
📌 Бағдарламаның негізгі мақсаты:
– кәсіпкерлерді қолдау,
– жергілікті өндірісті дамыту,
– жаңа жұмыс орындарын ашу.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №693 бұйрығымен бекітілген шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жергілікті атқарушы орган өтінім түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тексеріп, әлеуетті резидентті тізілімге енгізеді және ақпаратты ресми сайтта орналастырады.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар – бұл бизнес пен қаланың экономикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктері!