Құрметті отандастар! 

Құрметті отандастар! 

25 қазан – еліміздің тарихындағы ерекше күн, егемендігіміздің бастауы мен ұлттық рухымыздың асқақ мерекесі!

Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, тәуелсіз еліміздің жетістіктері мен жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайды.

Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз қуатты болсын! Әрбір отбасына амандық, құт-береке, бақ-дәулет тілейміз.

Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!

Жасай бер, Қазақстан! 

Республика күні құтты болсын!