Нұсқаулық: «Халық қатысатын бюджет-2022» жобасы бойынша ұнаған аулаға қалай дауыс беруге болады?

Жарияланған күні: 28 наурыз 2022

Өзіңіздің аулаңызға немесе сізге ұнаған ауланың жобасына дауыс беру үшін Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтына кіру қажет.

Дауыс беру бетіне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-saryarka/bnu/350?lang=ru  

  1. Сілтеме бойынша өтіңіз немесе Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтына кіріңіз
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «Кіру» түймесін басыңыз
  3. ЭЦҚ сертификатын таңдаңыз және парольді енгізіңіз
  4. «Халық қатысатын бюджет» қосымша бетіне ұнаған жоба үшін «лайк» қойыңыз

Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда еңгізілген. Ел бойынша дауыс берудің бірыңғай қағидалары енгізілді. Ережел бойынша әкімдік сайтында авторизациялануы міндетті болып табылады. Біздің жағдайда Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтында тіркелу керек. Бұл шара дауыстардың бұрмалануына жол бермеу және «1 адам=1 дауыс» принципін жүзеге асыру үшін жасалады.

Дауыс беру 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.

Сондай-ақ, бейне нұсқаулықты қарасаңыз болады.