«Ән самалы» дәстүрлі әншілер концерті

«Ән самалы» дәстүрлі әншілер концерті

13 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның халық әні бөлімі мен «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі «Ән самалы» концертін өткізеді.

«Ән самалы» концертінің бағдарламасына халықтық, халықтық-кәсіби музыка мен Шәмші Қалдаяқов, Теміржан Базарбаев, Ескендір Хасанғалиев, Қасым Аманжолов және т.б. отандық композиторлардың шығармалары енген.

Концертте танымал орындаушылар – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Гүлмира Сарина, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, Мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Арафат Ысқақов Берік Омаров, Бейбіт Мұсаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Телман Нұркенов, Данияр Мұқанов, Әйгерім Нартуеева, Перизат Тұрарова, Айгүл Қонысбаева, Тақзия Сәулежан, Өзгеріс Шерікбай, Жандос Иманбай, Алуа Қалымбекова, Нұржан Мейірхан, Айдос Оңғарбай, Айбала Бейсенова, Бауыржан Нұрмұханов және Елбол Қуанбек өнер көрсетеді.

Оқиға күні

13 сәуір 2022

Өткізу орны

«Астана» концерт залы, Кенесары көшесі, 32

Оқиға түрі

Концерт