Артқа

Абсеметова Алия Маратовна

«Нұра» ауданы әкімінің орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Қазақстандық мемлекет қайраткері, медиа-волонтер, журналист. 

2005 жылы Тұран-Астана университетін «Халықаралық Экономист» мамандығы бойынша аяқтады.

2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік білім бакалавры.

2021 жылы Өтемісов атындағы БҚМУ - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдарының магистрі.

Мансап

Еңбек жолын 2000 жылдары бастады. Жеке секторда жұмыс істеді.

Ұзақ уақыт БАҚ-та жұмыс істеді (модератор, редактор, бас редактор).

2021-2023 ж. - VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Жаңарту күні: