GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері тоқтатылды. 

Ақпаратты жаңарту белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

12 октября 2026
Құрметті елорда тұрғындары!

Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына байланысты, 2026 жылғы 14 қазанға жоспарланған «Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» қалалық мәслихаттың көпшілік тыңдауларының өтпейтінін туралы хабарлаймыз.

09 октября 2026
Құрметті елорда тұрғындары!

Құрметті елорда тұрғындары!

Астана қаласының мәслихаты қалалық мәслихаттың жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды. 

Күн тәртібі:

Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Баяндамашы: Сәкен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысы. 

Қалалық мәслихаттың көпшілік тыңдаулары 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:30-да мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді.

Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.

05 октября 2026
Қарттар күніне орай жылы кездесу (01.10.2026)

Қарттар күніне орай, елордалық мәслихат депутаттары Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына барып, орталық келушілерін айтулы мерекемен құттықтады.

Кездесулер жылы әрі шынайы көңіл-күйде өтіп, аға буын өкілдерімен емен-жарқын әңгіме айтылды. Депутаттар ізгі тілектерін білдіріп, аға буынға деген құрметі мен ықыласын жеткізді.

Аға буынның артында — еселі еңбек, мол өмірлік тәжірибе, отбасына деген қамқорлық және елордамыздың дамуына қосқан үлесі бар. Олар ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өздерінің білімі, даналығы мен өмірлік тәжірибесін аманат етіп келеді.

Кездесу барысында аға буын өкілдеріне зор денсаулық, амандық, бақ-береке, отбасылық жылулық пен жақындарының ықыласы тілінді. Әр күндерінің қуанышқа, құрметке және жағымды кездесулерге толы болуына тілектестік білдірілді.

30 сентября 2026
Туризм қызметін үйлестіру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар

Астана қаласының мәслихатында Салтанат Женалаеваның төрағалығымен елорданың туристік саласын дамытуға арналған көпшілік тыңдаулар өтті. Қатысушылар ішкі келу туризмін, оқиғалық және іскерлік туризмді дамыту, туристік инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру, тікелей әуе қатынастарын көбейту, сондай-ақ елорда қонақтары үшін жаңа тартылыс нүктелерін құру мәселелерін талқылады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астанаға шамамен 829 мың турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Бұл ретте келушілердің шамамен 187 мыңын шетелдік туристер құрады. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов атап өткендей, туристік саланы одан әрі дамыту мемлекеттік органдардың, туристік индустрия ұйымдарының, орналастыру орындарының, көлік компанияларының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ мәдениет ұйымдары мен іс-шаралар өткізу саласының үйлесімді жұмысын талап етеді.

Астананың туристік саласын дамыту стратегиясын әзірлеудің аралық нәтижелері туралы «Future of Mobility» ЖШС даму жөніндегі директоры Ұлыбек Қиманов айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі туристік ағын әзірге елорданың әлеуетіне сәйкес келмейді. Болашақта туристер санын жылына 4–6 млн адамға дейін арттыру күтіледі. Одан әрі өсудің негізгі шарттарының бірі ретінде тікелей әуе қатынастарын кеңейту аталды. Стратегияны әзірлеу аясында жобалық топ халықаралық тәжірибені зерттеп, туристік инфрақұрылымға салыстырмалы талдау жүргізді. Мамандардың бағалауы бойынша, Астананың инфрақұрылымдық базасы жалпы қалыптасқан, алайда оны одан әрі дамыту үшін әлеует бар. Атап айтқанда, «төрт жұлдызды» санаттағы қонақүйлер санын арттыру, туристік өнімдерді кеңейту және қонақтардың елордада неғұрлым ұзақ болуына жағдай жасау қажет. Жобалық топ перспективалы бағыттар ретінде мәдениет пен табиғат тоғысындағы туризмді, оқиғалық және гастрономиялық туризмді атап өтті.

Талқылау барысында депутаттар туристік саланың экономикалық әлеуетін және оның қала бюджетінің кірістеріне ықтимал үлесін атап өтті.

Негізгі мәселелердің бірі Астанадан тікелей әуе рейстерінің санын арттыру болды. Депутаттар туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесін, атап айтқанда Түркияның тәжірибесін зерделеуді ұсынды. Мысал ретінде туристік саланы дамыту заңнаманы жетілдірумен және инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытумен қатар жүрген елдің тәжірибесі келтірілді. Атап айтқанда, туризмді мемлекеттік ынталандыру және перспективалы туристік аумақтарға магистральдық инфрақұрылым салу туралы сөз болды. Сондай-ақ тыңдауларда шартты түрде есепке алынбаған туристер – елордада туыстарында немесе жалға алынған пәтерлерде тоқтайтын қонақтар мәселесі көтерілді. Депутаттардың пікірінше, қалаға келушілер туралы неғұрлым толық мәлімет алу үшін туристік ағынды есепке алу тетіктерін жетілдіру қажет.

Депутаттар атап өткендей, елорданы Ұлы даланың кеңістігіндегі болашақ қаласы ретінде танытуға болады, алайда ол үшін өзіндік тартылыс нүктелерін айқындап, дамыту қажет. Оң мысал ретінде экопаркті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс атап өтілді. Депутаттар мұндай жобалар бизнес пен әкімдік өзара іс-қимылының нәтижесін көрсететінін және қаланың туристік мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ете алатынын атап өтті. Этникалық туризмді дамыту аясында ат соқпағына назар аудару ұсынылды. Депутаттар оның қанағаттанарлықсыз жағдайын атап өтіп, нысанды күтіп ұстау және бақылау үшін «Астана орманы» ЖШС-не беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Перспективалы бағыт ретінде білім беру туризмі де аталды. Тыңдаулар барысында Қазақстан ТМД елдерінің арасында шетелдік студенттер саны бойынша бірінші орын алатыны атап өтілді. Бұл факторды да елорданың халықаралық тартымдылығын одан әрі дамыту үшін пайдалануға болады.

Басым міндеттер қатарында тікелей әуе қатынастарын, қонақүй және көлік инфрақұрылымын дамыту, жаңа туристік нысандар құру, оқиғалық, гастрономиялық және этникалық туризмді дамыту, сондай-ақ қолданыстағы көрікті жерлердің қолжетімділігін арттыру белгіленді.

Бөлек атап өтілгендей, депутаттар саланың экономикалық тиімділігі мәселелерін қосымша пысықтауды ұсынды: туризмнен қала бюджетіне түсетін қаражат көлемін, кірістердің динамикасын, туристік ағынның елдер мен сапар мақсаттары бойынша құрылымын айқындау.

25 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы (24.09.2026)

Астана қаласының мәслихатында кезекті сессия өтті, оның барысында депутаттар әлеуметтік-мәдени даму саласындағы мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды іске асыру мәселелерін қарады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.

Астана қаласы әкімінің орынбасарлары Ерік Мейірхан мен Талғат Рахманберді негізгі баяндамаларын жасады. Олар депутаттарды атқарылған жұмыстар және елорданың әлеуметтік-мәдени саласын дамыту жөніндегі одан әрі шаралар туралы хабардар етті.

Астана қаласы мәслихатының VIII сайланым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Алтыншаш Табулдина баяндама жасады. Ол өз сөзінде балаларды қорғау мәселелеріне кешенді және үйлестірілген көзқарастың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында депутат бастапқы, жоспарлы және нақты мәндерді, сондай-ақ көрсеткіштердің динамикасын көрсете отырып, 10 нысаналы индикатор бойынша бірыңғай қалалық мониторингті енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, ол елорданың ұлттық көрсеткіштерге қол жеткізуге қосқан үлесін анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов комиссияның жұмысы туралы есеп берді. Ол білім депутаттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Сапарлар шеңберінде депутаттар білім беру ұйымдарындағы орындармен қамтамасыз ету мәселелерін ғана емес, инфрақұрылымның жай-күйін, балалардың қауіпсіздігін, тамақтану сапасын және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған объектілердің қолжетімділігін де қарайды. Сондай-ақ, депутаттардың назарында мектепке дейінгі және қосымша білім беру мәселелері бар. Комиссия төрағасының пікірінше, депутаттық корпус пен атқарушы органдардың бірлескен жұмысының түпкілікті нәтижесі астананың оның тұрғындары үшін қаншалықты ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді болуымен өлшенуі тиіс.

Сондай-ақ, сессия барысында елорданың орман-саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметті шектеу ережелері қаралды.

Мәселелердің жеке блогы елорда тұрғындарын әлеуметтік қолдау шараларына арналды. Қаралған бастамалардың қатарында - мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық айғақтар бойынша есту протездік көмек көрсету бар.

Сонымен қатар, депутаттар салық салу мақсатында, жерлерді аймақтарға бөлу, жер салығының базалық мөлшерлемелерін көтеру немесе төмендету мөлшерін белгілеу және басқа да мәселелерді қарастырды.

Кезекті сессия барысында қаралған сұрақтар қала саясатын одан әрі жетілдіруге, басқару тетіктерінің тиімділігін арттыруға және қала тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді қалалық ортаны дамытуға бағытталған.

25 сентября 2026
001 «Республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының жұмысын қамтамасыз ету бойынша қызметтер

001 «Республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының жұмысын қамтамасыз ету бойынша қызметтер

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=7896590&budgetId=4337357&budgetState= 

24 сентября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдаулар өтеді

2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 15:00-де (220-каб.) Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдаулар өтеді. 

Күн тәртібі:

  1. «Туристік саланың қызметін үйлестіру және келу туризмін дамыту туралы».

Баяндамашылар:

  1. Халел Рахимұлы Әкімжанов – «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысы.
  2. Елена Юрьевна Завгородняя - Future of Mobility жобасының жетекшісі (Астана қаласының туристік саласын дамыту стратегиясын әзірлеу).

Анықтама үшін телефон нөмірі:  55-66-37.

23 сентября 2026
Астана қаласы тұрғындарының және сегізінші сайланымының қалалық мәслихат депутаттарының назарына!

Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының кезекті сессиясын өткізу уақытының өзгертілгенін хабарлаймыз.

Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының кезекті сессиясы 2026 жылғы 24 қыркүйекте бұрын белгіленген сағат 10:00-дің орнына сағат 15:00-де өтеді 

Күн тәртібі 

  1. Өткен жыл бойынша әлеуметтік-мәдени даму саласындағы мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды іске асыру және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы.

Баяндамашылар:
Талғат Абайұлы Рахманберді - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
Ерік Серікұлы Мейрхан - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Сөз сөйлеуші: Алтыншаш Жұмашқызы Табулдина – Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.

  1. Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

Баяндамашы: Асқар Сайлаубекұлы Смағұлов - тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. «Астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын бекіту туралы».

Баяндамашы: Дәулет Боранбайұлы Досқұлов - «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы.

  1. «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы.

Баяндамашы: Исламбек Айдарұлы Байманов - «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының м.а.

  1. Астана қаласында мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту аппараттарымен қамтамасыз ету туралы.

Баяндамашы: Айнұр Сәкенқызы Тулеуова - «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.

  1. Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (төмендетудің) пайыздары туралы.

Баяндамашы: Бахтияр Бейсентайұлы Ілиясов - «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы  және жер қатынастары басқарамасы» ММ басшысының м.а.

  1. «Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Баяндамашы: Бахтияр Бейсентайұлы Ілиясов - «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы  және жер қатынастары басқарамасы» ММ басшысының м.а.

  1. «Астана қаласының автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлеріне

салықтың базалық мөлшерлемелері туралы»  Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 325/41-VI шешімінің күшi жойылды деп тану туралы.

Баяндамашы: Бахтияр Бейсентайұлы Ілиясов - «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы  және жер қатынастары басқарамасы» ММ басшысының м.а.

  1. «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған шешімі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 265/34 -VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Берік Айтпайұлы Ахметов  - «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ басшысы.

  1. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.

Баяндамашы: Табиғат Зейнұлқабден - Астана қаласы мәслихатының төрағасы

  1. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Баяндамашы: Табиғат Зейнұлқабден - Астана қаласы мәслихатының төрағасы. 

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефон нөмірі:  55-66-37.

 

23 сентября 2026
Мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы (21.09.2026)

Мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен мәслихат шешімдерінің жобаларын қарау мәселесі бойынша құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы шешімнің жобасын ұсынды.

Басқарма басшысы атап өткендей, жобаның жекелеген ережелері қазіргі уақытта әділет органдарымен бірлесіп қосымша пысықталады. Келісімдер аяқталғаннан кейін құжат депутаттарға қайта ұсынылады.

Депутаттар тұрғындар арасында абаттандыру қағидаларының нормаларын қолдануға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және туындайтын барлық мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігін атап өтті.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары «Астананың орман-саябақ аймағын басқару қағидаларын және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимін бекіту туралы шешімнің жобасын ұсынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін «Астана мәртебесі туралыҚазақстан Республикасының Конституциялық Заңы негіз болып табылады.

Басқарма өкілінің айтуынша, жобаны қабылдау елорданың орман-саябақ аймағын сақтауды және одан әрі дамытуды, халықтың тұруы үшін қолайлы климатты қалыптастыруды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін молайтуды, халықтың табиғи ортада демалуы үшін жағдай жасауды, сондай-ақ орман-саябақ аймағының шекараларын тұрақтандыруды және сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Астана Орманы ЖШС Астана маңындағы орман-саябақ аймағын күтіп-ұстаумен, қорғаумен және дамытумен, сондай-ақ елорда тұрғындары үшін қолайлы экологиялық жағдайлар мен демалыс аймақтарын құрумен айналысады.

Депутаттар жаяу жүргіншілер жолдарын одан әрі абаттандыру қажеттігіне назар аударды.

Жасыл желектерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Депутаттар бұған дейін мердігерлермен Сарыарқаауданында жасыл аймақты цифрландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша презентация дайындау және болашақта осы тәжірибені елорданың басқа да белсенді дамып келе жатқан аудандарында пайдалану ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар осы аптаның соңында жасыл желектерді түгендеу және оларды одан әрі цифрландыру мәселесін талқылауды ұсынды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы