Нұр-Сұлтанда астаналық цирктің 15 жылдығы аталып өтті

Нұр-Сұлтанда астаналық цирктің 15 жылдығы аталып өтті

Тәуелсіздік мерекесін тойлау қарсаңында Нұр-Сұлтанда астаналық цирктің ашылуының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерейтойлық цирк қонақтарына ұжымның үздік қойылымдары көрсетіліп, оның негізгі жетістіктері туралы айтылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, сондай-ақ тиісті басқарма өкілдері мен қалалық мәдениет мекемелерінің басшылары қатысты.

Бақтияр Мәкен астаналық циркті мерейтойымен құттықтай отырып, бұл елорданың мәдени өміріндегі ерекше күн екенін атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақтамай, ешқандай модернизация жүзеге аспайды» деп атап өтті. Цирк өнері әрдайым көрерменді таңдандыруға және таң қалдыруға бағытталған. Бұл өнер жастықтың жалынын, ғасырлар даналығын, сұлулық пен батылдықты, батылдық пен құмарлықты, сондай-ақ көркемдік шешімдер мен қиял үйлесімін бейнелейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөледі. Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздік күні қарсаңында сіздерді 15 жылдықпен шын жүректен құттықтаймын», - деді елорда әкімінің орынбасары.

Ол өз сөзінде тәуелсіздік жылдарында елде еселене түсуді қажет ететін үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін баса айтты. Сонымен қатар, оның пікірінше, әр қойылым үлкен рухани рөлге ие болып қана қоймай, жанрлық жан-жақтылығымен ерекшеленіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы керек.

«Біздің алдымызда үлкен міндеттер мен жоспарланған жұмыстар тұр. Біздің ішкі келісіміміз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында біз бұл межені лайықты еңсеретінімізге сенімдімін», - деген Бақтияр Мәкен өнер ұжымына сәттілік тіледі.

Ол қала әкімінің атынан құрылған күнінен бастап циркте еңбек етіп келе жатқан танымал әртістер мен цирк қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

Цирк қойылымы жарқын және таңғажайып нөмірлермен жалғасты, онда трапеция әртістері, көгершіндер мен иттері бар жаттықтырушылар, балет бишілері, жонглерлер өнер көрсетті. 

Дәстүр бойынша іс-шара соңында сахнаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан гүлдер әкелінді.

Естеріңізге сала кетейік, Астаналық цирктің құрылысы 2001 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен басталған болатын. 2005 жылы мұнда алғашқы цирк қойылымы өтті, оған Елбасының өзі қатысты.

Бүгінде циркте 296 адам жұмыс істейді. Цирк өнерінің барлық жанрлары ұсынылған: акробатика, гимнастика, иллюзия, жыртқыштарды, ірі және ұсақ жануарларды жаттықтыру, клоундар және т.б.

Цирктің теңгерімінде сақталатын жануарлардың арасында арыстан, жылқы, түйе, құлан, дальматиндер бар. Сонымен қатар көгершіндер, қырғауылдар, теңіз құстары, қытай үйректері, жапон тауықтары, павлиндер бар.

Астаналық цирктің шығармашылық тобы - цирк өнерінің еңбек сіңірген шеберлері, халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары.