Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстыру

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 11 – тарауына сәйкес объектілерді пайдалануға беру актісін (бұдан әрі - Акт) салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Заңның 73-бабының 2–тармағына сәйкес салынған объектіні пайдалануға қабылдау мен беруді Тапсырыс беруші ол бекітілген жобаға сәйкес, оған объектінің техникалық сипаттамалары қоса беріле отырып, толық дайын болған кезде, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар (бұдан әрі - Қажетті құжаттар) болған кезде жүргізеді.

Қабылдау актісін бекітуді Тапсырыс беруші жүргізеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бланкісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген 08.02.2021 жылғы өзгерістерімен №234 нысанға сәйкес толтырылады.

Осы актінің әрбір тармағын (оның ішінде сәйкестік туралы декларацияны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны) толтыру міндетті болып табылады және оған тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

Заңға сәйкес, құрылысқа тапсырыс беруші: объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қажетті құжаттарды жіберуге міндетті.

Заңның 34-2-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші: объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қажетті құжаттарды жіберуге міндетті.

Басқарма «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.

Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде басқарма бұл туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда меншік иесі (Тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген, құрылысы аяқталған техникалық жағынан күрделі емес объектілерді пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асыратынын атап өту қажет.

Документы
Басқа
04 февраля 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Заң
04 февраля 2022
Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң
Заң
04 февраля 2022
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң
Новости
Полезные материалы
Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстыру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы