Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
"Артық (қате) төленген түсімдерді бюджеттен қайтару тәртібі не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу".

"Артық (қате) төленген түсімдерді бюджеттен қайтару тәртібі не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу".

Артық (қате) төленген түсімдерді бюджеттен қайтару тәртібі не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерімен (бұдан әрі — Рәсімдер) регламенттелген.

Рәсімдерге сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары әкімшілендіретін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздар түсімдерін қоспағанда, салықтық емес түсімдердің сомаларын қайтару және (немесе) есепке жатқызу үшін қорытындыны бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган жасайды.

Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі "жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға, бюджеттен қайтаруға және (немесе) артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызуға жауапты және бюджетке салықтық емес түсімдерді бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 113-2817 қаулысымен бекітілген түсімдер, Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы активтерін, қарыздарды сатудан түсетін түсімдер".

      Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледi.

      Төлеушiнiң - заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсiпкердiң) қайтару және (немесе) есептеу туралы өтiнiшiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

      1) өтiнiш берушiнiң атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар үшiн) немесе тегi, аты мен әкесiнiң аты (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және нотариустар үшiн);

      2) ЖСН/БСН (резидент емес болса көрсетедi),

      3) өтiнiш берушiнiң мекенжайы;

      4) жеке куәлiктiң, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмiрi және кiмнiң бергенi (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және жеке нотариустар үшiн);

      5) уәкiлеттi органдар әкiмшiлiк ететiн түсiмдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;

      6) қайтаруға және (немесе) есептеуге жататын сома;

      7) есептеген жағдайда – бюджеттiк сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетiн бюджет түсiмдерiнiң атауы, БСН және мемлекеттік кірістер органының атауы;

      8) бюджетке төленетiн төлем туралы төлем құжаттарының деректемелері – төлем құжатының нөмiрi және күнi;

      9) бюджетке iс жүзiнде енгiзiлген сома;

      10) банктiк шотқа қайтарған жағдайда - банктiк шотты алушының нөмiрi және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның атауы, БСК, ЖСК.

Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.

      Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кірістер органына мынадай мерзімдерде:

      төлеушіден есепке жатқызуға өтінім түскен күннен бастап 4 жұмыс күнінен кешіктірмей;

      төлеушіден қайтаруға өтінім түскен күннен бастап 8 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Қорытындының екінші данасы төлеушіге жіберіледі, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы