Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, E-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 5 маусымға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Аймақ

Астана қаласы

Санат

E-4

Орташа лауазымдық айлықақы

100696 - 136444

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Физика
  • Информатика
  • Биология
  • Тарих
  • География
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Экология
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат ( журналистика, қоғаммен байланыс)

Функционалды міндеттер

Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет, спорт, тілдерді дамыту, діндер, гендерлік саясат, жастар саясаты мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың директивтік құжаттарының орындалуы бойынша материалдар дайындау, өз құзыреті шегінде олардың орындалуына бақылау жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша уәкілетті органдармен, сондай-ақ мәдениет және спорт, жоғары оқу орындары, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни конфессиялар, этномәдение бірлестіктер, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы комиссиялармен қарым-қатынас орнату. Семей ядролық сынақ полигонында жарылыстан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мәселелерін қарайтын және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтарды анықтау, жоғары органдарға жұмыспен қамтуды ұсыну, мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсету. 2018-2021 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласы халқын жұмыспен қамту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша уәкілетті органдармен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы комиссиялармен, аудандағы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау нысандарымен өзара әрекеттесу. «Байқоңыр» ауданының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесімен өзара қарым-қатынас жасау. Мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу. Тұрғындардың аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету. Ауданда мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу.  «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратының спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, сондай-ақ, басқа стратегиялық құжаттарды түсіндіру бойынша ақпараттық топтарының жұмысын ұйымдастыру. «Байқоңыр» ауданының еңбек ұжымдарында кездесулер өткізу. Діни экстремизм мен терроризмнің идеяларының таралуына қарсы бағытталған іс-шаралар өткізу. «Байқоңыр» ауданының ұйымдарымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің экстерьерлі нұсқада дұрыс пайдалануына бақылау жүргізу. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында есірткіні пайдалану мен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру шараларына бақылау жүргізу.

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2022 – 20.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 210086 МБ

Сұхбаттасу күні

23.09.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Отырар көшесі, 5 үй, 203 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 55-73-72