Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Аймақ

Астана қаласы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (қаржы және кредит және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе экономика, бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау және/немесе Бизнес, басқару және құқық)

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау. Президент, Үкімет актілері, қала және аудан әкімдерінің өкімдері мен тапсырмаларын орындауына, аппарат кадрларының тиімді қызмет етуін, өткізілетініс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге бақылау жүргізу. Бухгалтерлік есеп жүргізу. Қаржылық жағдай туралы, қызметтің нәтижелері және мекеменің қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы есеп ұсыну. Банктік құжаттарды өңдеу. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру, 1С бухгалтериямен жұмыс жүргізу. Алдағы үш жылдық кезеңде бюджеттік өтінімді құрастыру, тауарды мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын құрастыруға қатысу, жұмыста және қызметте қаржыландыру жоспарына және бюджеттік өтінімге сәйкес, қаржыландыруға жеке жоспар құрастыру. Әкім аппаратын қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету. Тиісті қаржылық жылға бюджеттік бағдарлама дайындау.

Бөлімнің жетекшілік ететін бағыты бойынша аудан әкімінің талдау ақпараты мен баяндамасын дайындауға атсалысу. Атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайынғы есепті дайындау және жүргізу. Аппарат қызметшілерінің жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарау мерзімдеріне бақылау жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2022 – 29.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.08.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Отырар көшесі, 5 үй, 203 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 55-73-72