Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінің бас маманы, E-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Аймақ

Астана қаласы

Санат

E-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Өрт қауіпсіздігі

Функционалды міндеттер

Нормативтік құқықтық актілер және өкімші құжаттар, іс-шаралар, аудан әкімінің, аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарының тапсырмалары бойынша талдау материалдары, анықтамалар және өзге де қажетті материалдар дайындау. Жол-көлік инфрақұрылымы, байланыс және құрылыс жағдайы бойынша деректерді жинау және талдау жүргізу. Құрылыс нысандарын және инженерлік желілерді қабылдауға беру және құрылыс барысын уәкілетті органдарымен бірлесіп бақылауды қамтамасыз ету. Күз-қыс кезеңіне аудан шаруашылығын дайындау бойынша іс-шараларының өткізілуін қамтамасыз ету, құрылыс нысандарында құрылыс компанияларының жұмысын бақылау. Инженерлік желілерін төсеу немесе басқа да жұмыстар бойынша жер жұмыстарын жүргізудің бақылауын жүзеге асыру. Жол-көлік инфрақұрылымының, қоғамдық көлігінің, байланыс және құрылыс мәселелері бойынша ауданның атқарушы органдарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жол-көлік инфрақұрылымының, қоғамдық көлігінің, байланыс және құрылыс мәселелері бойынша

аудан әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістер және басқа іс-шараларын дайындау. Құрылыс нысандары және құрылыс компаниялары бойынша мәліметтерді жинау және талдау бойынша мониторинг жүргізу және дайындау. Уәкілеттік органдарымен бірлесіп жұмыс тобы құрамында заңсыз құрылысты болдыртпау, жерді заңсыз басып алу, жер учаскесін мақсатсыз пайдалану бойынша жұмысын өткізу қамтамасыз ету, сонымен қатар заңсыз орнатылған темір құрылғыларын (контейнерлер, гараждар және т.б.), қоршауыларды алып тастау және шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Құрылыс нысандарын және инженерлік желілерді қабылдауға беру және құрылыс барысын уәкілетті органдарымен бірлесіп бақылауды қамтамасыз ету. Атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайынғы есепті жүргізу және дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.11.2021 – 26.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.11.2021

Сұхбаттасу орны

г.Нур-Султан, ул. Отырар 5, кабинет 203

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 55-73-72