Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, E-3 санаты, 1 бірлік.
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Машина жасау
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
экономика және менеджмент, инженер-механик
Функционалды міндеттер
Өндірістік-техникалық бөлімінің қызметіне жетекшілік ету. Қала әкімі, аудан әкімі және жоғары тұрған органдар шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімнің болашақ жобалар мен ағымдағы жоспарларын әзірлеуін ұйымдастыру, оларды орындау үшін мониторинг жасау. Бөлімнің жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың құжаттарын ұйымдастыру және бақылау. Бөлімге түскен азаматтардың ауызша және жазбаша үндеулерін уақытылы және сапалы қарастыру бойынша бақылау жасау. Жетекшілік ететін сала бойынша шаруашылық субъектілері жұмысының жағдайы туралы қала әкіміне, аудан әкіміне және жоғары тұрған органдарға уақытылы және сапалы құжаттар дайындауын қадағалау. Еңбек тәртібін, орындаушылық тәртібін және бөлім қызметкерлерінің құпия ақпараттың сақтауын бақылау. Абаттандыру жұмыстарын қаржыландыруға сәйкес есептік құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау. 009.«Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету», 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», 008 «Елді мекендерді жарықтандыру», 010 «Жерлеу орындарын күтіп-үстау» бағдарламалары бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Бағытталған салалар бойынша қызметтер мен жұмыстарға мердігерлік ұйымдармен уақытылы келісім шарттар жасау бойынша бақылау жасау және ұйымдастыру. Абаттандыру және құрылыс объектілері бойынша жұмыстарды сапалы және уақытылы орындалуын техникалық қадағалау жасау. Атқарылған жұмыстың актісін бақылауды іске асыру. Әр ерекшілікке сәйкес бюджеттік шығындар есебін тапсыруды және бюджеттік өтінімдерді дайындау жұмыстарына бақылау жүргізу. Мердігерлік ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасауды үйлестіру. Бөлімнің бағытталған салалары бойынша аудан әкімінің баяндамасын және аналитикалық ақпаратын дайындауды жүзеге асыру. Бөлім құзіретіндегі тапсырмалардың орындалуына жауап беру. Қала аумағында қала шаруашылық элементтерін, гүлзарларды және басқа да объектілердің жұмыс жүргізу тәртібін сақтау мониторингі. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.11.2021
- г. Нур-Султан, ул. Отырар 5, кабинет 203
-
8(7172) 55-73-72