Инфрақұрылым бөлім басшысы, "Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппараты" ММ, (E-3 санаты, 1 бірлік)
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Сәулет
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Құрылыс
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылық ету. Аудан әкімінің, қала әкімінің және басқа жоғары тұрған органдардың өз саласы бойынша берілген тапсырмалары мен шешімдерін уақтылы орындау. Нұр-Сұлтан қаласының жауапты мемлекеттік органдарымен өз құзыретінде қарым-қытынас жасау, жұмысты жоспарлауды жүзеге асыру. Жол-көлік инфрақұрылымының, қоғамдық көлігінің, байланыс және құрылыстың жағдайы бойынша мәліметтерді жинау және талдау бойынша мониторинг жүргізу және дайындау. Күз-қыс кезеңіне аудан шаруашылығын дайындау бойынша іс-шараларының өткізілуін қамтамасыз ету, құрылыс нысандарында құрылыс компанияларының жұмысын бақылау. Инженерлік желілерін төсеу немесе басқа да жұмыстар бойынша жер жұмыстарын жүргізудің бақылауын жүзеге асыру. Жол-көлік инфрақұрылымының, қоғамдық көлігінің, байланыс және құрылыс мәселелері бойынша ауданның атқарушы органдарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жол-көлік инфрақұрылымының, қоғамдық көлігінің, байланыс және құрылыс мәселелері бойынша аудан әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістер және басқа іс-шараларын дайындау. Құрылыс нысандары және құрылыс компаниялары бойынша мәліметтерді жинау және талдау бойынша мониторинг жүргізу және дайындау. Уәкілеттік органдарымен бірлесіп жұмыс тобы құрамында заңсыз құрылысты болдыртпау, жерді заңсыз басып алу, жер учаскесін мақсатсыз пайдалану бойынша жұмысын өткізу қамтамасыз ету, сонымен қатар заңсыз орнатылған темір құрылғыларын (контейнерлер, гараждар және т.б.), қоршауыларды алып тастау және шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Құрылыс нысандарын және инженерлік желілерді қабылдауға беру және құрылыс барысын уәкілетті органдарымен бірлесіп бақылауды қамтамасыз ету. Атқарылған жұмыстар туралы тоқсан сайынғы есепті жүргізу және дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.11.2021
- г.Нур-Султан, ул. Отырар 5, кабинет 203
-
8(7172) 55-73-72