Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімі аппаратының жиынтық-талдау бөлімінің бас маманы
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты
Астана қаласы
225705
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Аппарат қызметкерлерінің жұмыс регламентін ұстануына бақылау жасау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, қала және аудан әкімінің өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімінің атқарушы және өкілетті органдар билігімен ақпараттық қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Ұйымдастыру жұмысы сұрақтары бойынша аудан әкімі тапсырмалары мен шешімдерін сапалы және уақытылы орындау. Аудан әкімі аппаратының бөлімдері жұмысының жылдық жоспарын дайындау. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісіне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауларын дайындау және өткізу. Шұғыл кеңестер, есептік кездесулер мен дөңгелек үстелдерді өткізуді дайындау және кездесуде түскен өтініштер мен ұсыныстардың орындалуын бақылау. Қала әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімі кеңестерінің хаттамасын жүргізу. Бөлімнің бағытталған салалары бойынша аудан әкімінің баяндамасын және аналитикалық ақпаратын құрастыруды жүзеге асыру. Әкім аппаратының істер тізбесін әзірлеу, мұрағаттық іс-қағазады жүргізу және бақылау. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінен «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің корпоративтік интранет-порталы» арқылы «Байқоңыр» ауданы әкімінің блогына келіп түскен хаттамалық тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің корпоративтік интернет-порталы арқылы «Внешний облик столицы» атты модуліне келіп түскен ескертпелеріне уақытылы және сапалы өзгерістер енгізуіне бақылауды жүзеге асыру. Қазақсан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 5 деңгейіне жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.06.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Отырар көшесі, 5 үй, 203 кабинет
-
55-73-72