Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік, ОБ-1

Мемлекеттік орган

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Аймақ

Астана қаласы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

112730 - 152017

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс

Функционалды міндеттер

Абаттандыру бөлімінің қызметіне жетекшілік ету. Қала әкімі, аудан әкімі және жоғары тұрған органдар шешімдерінің орындалуын бақылау. Бөлімнің болашақ жобалар мен ағымдағы жоспарларының әзірлеуін ұйымдастыру, оларды орындау үшін мониторинг жасау. Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының 20.07.2017 жылғы №166/21-IV шешімімен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласының аумағын абыттандыру қағидалары туралы» ереженің орындалуын жүзеге асыру. Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар жоспарын қадағалау, халықпен және қызмет көрсету ұйымдарымен жұмыс. Аудан аумағында қоқысты шығарумен және тазалаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау, ұйымдар мен мекемелердің қысқы уақытта жатқан мұздан және жол төсемін қардан тазалау бойынша жүргізілетін жұмыстарға бақылау жасау. Аудан кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру, «Байқоңыр» ауданының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімімен өзара әрекеттестікті үйлестіру. Жануарларды ұстау ережелерін сақтау мәселелері бойынша мекемелермен өзара іс-қимыл жасау. Коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктерді ұйымдастыру, бақылау және өткізу, қажетті іс шараларды дайындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқаулық пен аналитикалық ақпараттарды жинау. Атқарылған жұмыс бойынша ішкіорамдық кіріспелік есебін дайындау. Бөлімнің жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың құжаттарын ұйымдастыру және бақылау. 009 «Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету», 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», бағдарламалары бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім құзіретіндегі тапсырмалардың орындалуына жауап беру, бөлім қызметінің жұмыстарын заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілеген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өтініштерін қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2020 – 19.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Отырар 5, кабинет 320

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 55-73-72