Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы, (E-4, 1 бірлік)
Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты
Астана қаласы
100696 - 136444
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
ауданды ішкіорамдық тазалау бойынша мердігерлік кәсіпорындарының орындалған жұмыстарын бақылау. Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының 20.07.2017 жылғы № 166/21-IV шешімімен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласының аумағын абыттандыру қағидалары туралы» абаттандыру ережелерінің және аудан аймағында көгал алаңдарының, жаяу жолдарының, жол жабындыларының және басқа да нысандардың бұзылуына байланысты басқа да міндетті ережелердің орындалуын жүзеге асырады. Нысандар мен телімдердің абаттандыруының бұзылуын анықтау мақсатында аудан аумағының санитарлық және техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру. Аудан аумағында қоқысты шығарумен және тазалаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау, ұйымдар мен мекемелердің қысқы уақытта жатқан мұздан және жол төсемін қардан тазалау бойынша жүргізілген жұмыстарға бақылау жасау. Коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктерді ұйымдастыру, бақылау және өткізу, қажетті іс шараларды дайындау. Көшелерді ішкіорамдық жинау бойынша мердігерлік ұйымдардың жұмыс сапасын және шығу кестесінің есебін жүргізу. Рұқсат етілмеген жерде пайда болған көң-қоқыстың пайда болуына рұқсат етілмеуі бойынша іс шараларды жүргізу. Өз міндеттерін орындау кезінде «Байқоңыр» ауданының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы, бақылау-қадағалау органдарымен жұмыс істеу. Жануарларды ұстау ережелерін сақтау мәселелері бойынша мекемелермен өзара іс-қимыл жасау. Өткізілген жұмыс туралы күнделікті есептерді дайындау, бөлімнің жұмыс жоспарын жасаған кезде қатысу. Келіп түскен құжаттардың уақытылы орындалуы. Рұқсат етілмеген көн-қоқыстың орналасу орындары туралы ақпаратты дайындау және жинақтау. Орамішілік аумақты жинау, орамішілік аумақтарда абаттандыру элементтерді жөндеу бойынша ақпаратты жинау және есепке алу. Иесіз қалған көлік бөлшектерін шығару бойынша ақпаратты жинақтау және дайындау. Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді. 009 «Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету», 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», бағдарламалары бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Мердігерлік ұйымдар орындаған жұмыс көлемдерін және жоспарларын қабылдау. Мердігер мекемелердің өкілдерімен бірлесіп, кепілдік мерзімінің соңына дейін анықталған ақаулармен аяқталмаған жұмыстарға екіжақты акті жасау, бағытталған қызметтер бойынша актілерін жасауда қатысу. Құзрет шегіндегі учаскілерге бару орындалып жатқан жұмыстарды қадағалау. «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталағы» МКК күн сайынғы байланыс. Қала әкімінің орынбасары өткізетін жұма сайынғы штабқа және аудан әкімі орынбасары бастауымен мердігер мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өтетін жиналысқа ақпарат дайындау. Қала аумағында қала шаруашылық элементтерін, жол жабындыларының бұзылуы, тротуарларды, гүлзарларды және басқа да объектілердің жұмыс жүргізу тәртібін сақтау мониторингі. Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Отырар 5,кабинет 320
-
8(7172) 55-73-72