Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Аймақ

Астана қаласы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

112730 - 152017

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Қаржы

Қосымша талаптар

(жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау. Аудан әкімінің өз саласы бойынша берілген тапсырмалары мен шешімдерін уақтылы орындау. Аудан КПТҮ (көппәтерлі тұрғын үй) қысқы-күзгі кезеңге дайындау және өткізу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қызмет көрсететін ұйымдардың (ПИК, ТҚК, ӨК, ЖК, ЖШС және т.б.) жұмыстарына бақылау жүргізу. Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, иеліктің барлық түріндегі жетекшілік ететін коммуналдық кәсіпорындарға нақты үзіліссіз жұмысқа жәрдем етуді, жылыту мерзімін дайындау және өткізу бойынша шараларды іске асыруға мониторинг жүргізу. Тіршілікті қамтамасыз ету, КПТҮ қызметін үйлестіру және бақылау, үй ішіндегі инженерлік желілердің жағдайы (апатты жағдайда орынға шығу, қаланың коммуналдық меншігіндегі ашық құдықтарды мониторингтеу, оларды коммуналдық ұйымдардың уақытылы жабуына шаралар қабылдау). Бағытталған мәселелер бойынша қаланың басқармаларымен, тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарымен және аудан құрылымдарымен (энергетика, электр-, жылу-, және сумен қамтамасыз ету, газдандыру және лифттік шаруашылық) жұмыс атқарады.  Жетекшілік ететін бөліммен аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинауды іске асырады. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсан сайынғы есебін жүргізу және дайындау. Заңнамамен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдарын қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2020 – 11.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Отырар 5, каб.320

Анықтама алу үшін байланыс

55-73-72