Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаментінің ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімінің басшысы (код №08-01, функционалдық блок А)

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268345

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

қайта өндеу өндірістерінің технологиясы

Функционалды міндеттер

 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарларына, кестелеріне, нұсқауларына сәйкес қызмет жоспарлау. Статистикалық байкаулар деректер қорын қалыптастыру. Статистикалық деректемелермен қарым-қатынас. Есептік деректердің  дұрыстығын қамтамасыз ету және есеп беру, бастапқы есеп мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстары. Өңірлерде статистикалық қызметті ұйымдастыру. Ауылшаруашылық статистикасы бойынша статистикалық есептеліктердің дұрыстығын, толықтығын және уақытында қамтамасыз ету. Агрономия, аграрлық техника және технология, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылық жүргізу, аң өсірушілік, балық шаруашылық және өнеркәсіптік балық шаруашылығы, орман ресурстары және орман өсірушілік саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге және құбылыстарға экономикалық талдау жасау. Есептік бланктерді толтыру мәселелері бойынша сұхбаткерлерге консультативтік көмек беру. Ақпараттарға бақылау. Есепке дейін әдістемені баяндау және қалыптастыру. Бастырып жариялау көрсеткіштерін  калыптастыруын тексеру және талдау.  Жинақтар мен анықтамалар үшін материалдарды дайындау. Апробацияны өткізу үшін бақылау үлгісін дайындау. Бөлім құзыреттігіне кіретін мәселелер бойынша басқа ұйымдармен жұмыс істеу. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.10.2022 – 20.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мв

Сұхбаттасу күні

26.10.2022

Сұхбаттасу орны

Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті Семей қ-сы, Мәңгілік Ел, 25. Кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7222)52-49-18