ҚР СЖРА Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы («В» функционалдық блогы, 1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Қосымша талаптар
компьютерлік дағдылар мен құзыреттер
Функционалды міндеттер
Агенттік басшылығының барлық кіріс құжаттарды уақтылы қарауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Активтердің, кеңсе тауарлары мен шығыс материалдарының келіп түсуін уақтылы және дұрыс құжаттамалық ресімдеуді және көрсетуді қамтамасыз ету.
Қоймадағы активтердің, кеңсе тауарлары мен шығыс материалдарының келіп түсуін, орын ауыстыруын және жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру.
Өз құзыреті шегінде қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шарттардың жобасын қарауға, тексеруге және келісуге қатысу.
Шот-фактураның, жүкқұжаттың, басқа да ұсынылған құжаттардың Тауарларды қабылдау-өткізу актісімен сәйкестігін тексеру.
Қорлардың, ұзақ мерзімді активтердің түсуін кіріске алу.
Материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы бұйрық пен шарт дайындау, жасасу.
Материалдық жауапты тұлғалардың жауапты сақтауындағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша нұсқаулық жүргізу.
Материалдарды есепке алу бойынша жазбаларды материалдық жауапты адамдардың жазбаларымен ай сайын салыстырып-тексеруді қамтамасыз ету және материалдық жауапты адамдардан есептер қабылдау.
Штрих кодтар беруді қамтамасыз ету, барлық келіп түскен активтерге штрих кодтардың желімделуін, сондай-ақ штрих кодтардағы ақпараттың нақты тауарларға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру және тексеру нәтижесін анықтамамен ресімдеу.
Материалдық жауапты адамдармен бірлесіп, компьютерлік және ұйымдастыру техникасына, кеңсе тауарларына қажеттілікті айқындау үшін ағымдағы жылдың соңына материалдық есептің жобасын жасау.
Активтерді есептен шығару, басқа ұйымдарға активтерді қабылдау-беру жөніндегі комиссиялардың отырыстарында қарау үшін материалдар дайындау.
Материалдық жауапты адамдармен бірлесіп кабинеттегі активтерді түгендеу тізімін жасау және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу, жұмыстан босатылатын (ауысатын) қызметкердің кету парақтарына бұрыштама қою.
Көбейту цехының Өтінімдер кітабының дұрыс жүргізілуін тексеру, сондай-ақ Өтінімдер кітабы деректерін материалдық жауапты адамдардың есептерінің деректерімен салыстырып тексеру.
Агентіктің негізгі құралдарына, материалдық құндылықтарына уақтылы түгендеу жүргізу үшін материалдарды дайындау, оған қатысу және ресімдеу.
«Негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, материалдық емес активтерді, қорларды және басқа да материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу туралы» бұйрықты дайындау, ресімдеу және тіркеу.
Түгендеу жүргізу, түгендеу тізімдемесін (салыстыру ведомосі) жасау, негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, материалдық емес активтерді (зерттеулерді) есептен шығару актілерін қалыптастыру.
Сенімхаттар кітабын жүргізу және материалдық жауапты адамдарға сенімхаттар жазып беру.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрықтарына сәйкес мүлікті қабылдау – тапсыру актілерін қалыптастыру.
Синтетикалық шоттар бойынша талдау және есепке алуды жүзеге асыру, сондай-ақ № 9, 13 мемориалдық ордерлерді ай сайын ресімдеу.
ЕТБЖ (Есептерді тапсырудың бірыңғай жүйесі) бағдарламасында алаңдар мен орналасқан үй-жайлардың қажеттілігі туралы, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерін түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері туралы ақпаратты Мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу үшін есепті құрастыру және ұсыну.
Белгіленген тәртіппен негізгі қорлардың жай-күйі туралы есепті жасау және статистика органдарына ұсыну.
Бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есеп, есептілік тіркелімдерінің сақталуына бақылау жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.06.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 ғимарат, онлайн сұхбат
-
8 (7172) 64 74 56