ҚР СЖРА Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты («В» функционалдық блогы, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

компьютерлік дағдылар мен құзыреттер

Функционалды міндеттер

Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша заң жобасына тұжырымдама, заң жобасы және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін қарау және келісу;

Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша агенттіктің құқықтық мәселелері бойынша құжаттар дайындау;

Агенттіктің мәселелерін қозғайтын заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде келісудің тиісті сатыларына және олардың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысу;

Құзыреті шегінде заң жобаларын қарау бойынша Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі жанындағы жұмыс топтарының отырыстарына қатысу;

Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттік қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Агенттіктің мүдделерін білдіру;

Агенттікте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу;

Агенттіктің норма шығармашылық қызметін талдау;

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды (Агенттік актілерін) өзгерту, толықтыру немесе күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

Мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттардың жобалары бойынша қорытындыны қарау және беру;

Сенімхат бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қоюшы, жауапкер немесе үшінші тұлғалар және басқалар ретінде әртүрлі инстанциялардағы соттарда Агенттіктің мүдделерін білдіру;

Департаментте бақылаудағы құжаттардың және барлық кіріс, шығыс хат-хабарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

Департаментке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.05.2022 – 18.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.05.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 ғимарат, онлайн сұхбат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 64 74 56