ҚР СЖРА Персоналды дамыту және басқару қызметінің бас консультанты
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Қосымша талаптар
-
Функционалды міндеттер
Басшылықтың Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сөз сөйлеулері үшін баяндамалар, материалдардың жобаларын дайындауды қамтамасыз ету.
Құрылымдық бөлімшелердің ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты үйлестіру.
Агенттік құрылымының, штаттық санының және штаттық кестесінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты үйлестіру.
Агенттік қарамағындағы ведомстволардың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымы, штаттық саны мен штат кестесі жобаларын қарау, келісу.
Персонал мен еңбек қатынастарын есепке алуды қамтамасыз ету.
Кадр құрамы мен ауысуы туралы статистикалық есептілікті дайындау және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну.
Агенттіктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары жинағының жобасын әзірлеу.
Кадрлық есепке алуды жүргізу (жеке істерді, арнайы нысандарды ресімдеу, тәбіл есебін, әскери есепке алуды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерге арналған мамандандырылған емханаға есепке қою және т.б.).
Агенттік жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Еңбек туралы, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын, Ар-намыс кодексін орындауды қамтамасыз ету және сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
Кадрларды басқарудың заманауи әдістерін енгізуді қамтамасыз ету;
Агенттіктің: конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, тұрғын үймен қамтамасыз ету, шетелде оқу, мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есептеу, Агенттіктің, Агенттік қарамағындағы ведомствоның, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерін марапаттауға іріктеу жөніндегі комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету.
Агенттіктің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Агенттіктің қарамағындағы ведомство басшысының орынбасарлары қызметіне тағайындау туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау.
Агенттік ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымының басшыларының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарға қатысу.
Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек қызметін бағалау және аттестаттау бойынша жұмысты қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет өткерудің қағидалары мен Еңбек кодексіне және заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес қағидалар мен рәсімдерді орындау (еңбек шарттарын ресімдеу және еңбек кітапшаларын, жеке құрамға, демалыс беру, іссапарға жіберу және т.б. бойынша бұйрықтарды жүргізу);
Қызметкерлердің еңбек демалысының жыл сайынғы кестесін жасау және бекіту;
Агенттік жұмыскерлеріне мерекелік, мерейтойлық даталар, зейнеткерлік жасқа жеткені үшін, қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша сыйлықақы беру туралы бұйрықтардың жобаларын әзірлеу.
Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерін даярлау, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
Агенттік қызметкерлері үшін грамоталар, дипломдар дайындауды қамтамасыз ету.
Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құралдарды әзірлеу және енгізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.05.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 ғимарат, онлайн сұхбат
-
8 (7172) 64 74 56