ҚР СЖРА Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің басшысы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
- Құқық
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
Қосымша талаптар
шет тілдерін білу (ағылшын тілі)
Функционалды міндеттер
Қызмет қызметкерлерінің қызметін жедел басқаруды, үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Агенттікте мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Агенттікте мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтердің және режимдік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды бақылауды жүзеге асырады.
Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру кезінде режимдік талаптардың қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ арнайы ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі қағидалар талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Агенттікте азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Агенттіктен жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді.
Құпия құжаттардың жоғалу, кем шығу, құпия мәліметтерді жария ету жағдайларын тексеру, мәліметтерді олардың нақты құпиялылығы мәніне Бағалау жөніндегі комиссияларға қатысады.
Шетелдік азаматтармен және делегациялармен кездесулер өткізу және Агенттік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуы кезінде Агенттікте құпиялылық режимінің қамтамасыз етілуін бақылайды.
Жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ Агенттіктің жұмылдыру дайындығын бағалау туралы және өз ресурстарының жұмылдыру дайындығының жай-күйі туралы ақпаратты дайындауды бақылауды жүзеге асырады.
Агенттіктің арнайы ақпараттық жүйелерімен жұмыс кезінде "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құпия жұмыстардың барлық түрлерін және таратылуы шектелген қызметтік мәліметтерді жүргізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шараларға бақылауды жүзеге асырады.
Арнайы ақпараттық жүйе аппаратурасының және онымен бірге жұмыс істейтін жабдықтың жұмыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеуі бойынша қабылданатын шаралар бойынша бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік арнайы құралдардың және олармен жұмыс істеу кезінде тиісті тәртіптің сенімді сақталуын жүзеге асырады.
Ақпаратты алудың техникалық тәсілдерінен құпия мәліметтердің сақталуы бойынша үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.
Агенттіктің Мемлекеттік құжаттарды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының және режимдік талаптарды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі басқа да арнайы комиссиялардың жұмысына қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.04.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 ғимарат, онлайн сұхбат
-
8 (7172) 64 74 56