ҚР СЖРА Институционалдық даму департаментінің бас консультанты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

шет тілдерін білу (ағылшын тілі)

Функционалды міндеттер

Департаменттің функциялары мен міндеттерін әзірлеуге қатысу.

Институционалдық реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, институционалдық реформаларды жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ олардың іске асырылу барысына да мониторинг жүргізу және бағалау;

Институционалдық реформаларды жүзеге асыру және іске асырумен байланысты мәселелер бойынша сарапшылық қорытындылар дайындау;

Ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда реформаларды жүзеге асыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және енгізумен байланысты мәселелер жөнінде сараптамалық қорытындылар дайындау;

Еліміздің дамуын, халықаралық үрдістерді талдау, сондай-ақ институционалдық реформаларды жүзеге асырумен байланысты мәселелер жөнінде, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіру және жаңғырту мәселелері жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеумен әлемдік тәжірибені зерделеу;

Департаменттің құзыреті шегінде институционалдық реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге және жаңартуға бағытталған мемлекеттік органдардың ұсыныстарын келісу;

Департаменттің құзыреті шегінде стратегиялық жоспарлау, өңірлік даму, мемлекеттік статистикалық қызмет, технологиялар мен инновациялар жөнінде ұсыныстар жасау;

Департамент құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторинг жүргізуге қатысу;

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу, түзету, іске асыруға мониторинг жүргізу және бағалауға қатысу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына да мониторинг жүргізу және бағалау;

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, келісу, оларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу және бағалау кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіруге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.04.2022 – 14.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.04.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 ғимарат, онлайн сұхбат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 64 74 56