ҚР СЖРА Ішкі аудит қызметінің басшысы - мемлекеттік аудитор
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
Қосымша талаптар
мемлекеттік аудитор сертификатының міндетті болуы,
компьютерлік дағдылар мен құзыреттер
Функционалды міндеттер
Ішкі аудит қызметінің жұмысына басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында да, шетелде де қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар енгізу.
Ішкі аудит қызметінің мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру үшін кейіннен өлшемшарттарды (қажет болған кезде) мониторингтей (өзектендіре) отырып, тәуекел өлшемшарттарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін.
Кейіннен өзгерістер енгізе отырып (қажет болған жағдайда), тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға Агенттіктің, оның ведомстволық бағынысты ұйымының, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін.
Бекітілген Тізбенің ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға жіберілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Ішкі аудит қызметінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, оқыту жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін.
Төрағаның аудиторлық іс-шараларды жүргізуге арналған тапсырмаларына сәйкес:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымында, ведомствода және оның аумақтық бөлімшелерінде тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттіктің Ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) Тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде Агенттікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымында, ведомствода және оның аумақтық бөлімшелерінде ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті;
3) Бюджеттік шығыстармен өзара байланыста Агенттіктің Стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің қаржылық есептілік аудитіне қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
5) мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша тиісті ақпаратын тыңдауға міндетті.
Төрағаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, агенттік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге бұзушылықтарды бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомаларын есепке алу бойынша көрсету арқылы қалпына келтіру арқылы жою туралы шешімнің жобасымен бірге ішкі аудит нәтижелері туралы есеп, жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту.
Ішкі аудит қызметінің ішкі аудит нәтижелері туралы есептерде бұзушылықтарды жоюға арналған шешімдердің және осы ұсынымдардың мониторингін қамтамасыз ету.
Жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жолдауды қамтамасыз етсін.
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыруды үйлестіреді.
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің отырыстарында қарауды және талқылауды талап ететін мәселелерге бастамашылық етеді және мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жыл сайын Төраға, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беруге.
Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтарын және өзге де заңды мүдделерін сақтау, мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу.
Өз құзыреті шегінде нұсқаулар беру, құжаттама мен шығыс хат-хабарларға қол қою.
Қызмет құзыреті шегінде Агенттіктің, оның ведомстволық бағынысты ұйымының, ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі тәуекелдерді анықтай және басқару жүйесін жетілдіру және қызмет тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, келіп түскен ақпаратты талдауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын тексеруді қамтамасыз ету.
Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында, ішкі аудит қызметі туралы Ережеде көзделген ішкі аудит қызметіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.02.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 ғимарат, онлайн сұхбат
-
8 (7172) 64 74 56