Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті Жиынтық жұмыстар, пайдаланушылармен жұмыс және құжат айналымы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), функционалдық блок-"B"

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарымен көзделген департаменттің жұмыс жоспарын, жариялайтын статистикалық материалдар тізбесін, баспасөз-хабарламалар жоспарын дайындау және оның орындалуын бақылау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратты тарату. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз ету. Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығару. Бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды әзірлеу. Департаменттің интернет ресурстарын жүргізу және тұрақты түрде жаңартып отыру. Пайдаланушыларға ақпараттық көмек көрсету. Департаментте құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру. Департамент ғимаратының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2026 – 23.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

25.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, ғимарат 55/6 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 41