Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Заң басқармасының басшысы, C-O-3 (1 бірлік), функционалдық блок "А"

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық жасау, жүктелген міндеттердің, басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етілуіне дербес жауапты болу. Заңнамамен белгіленген тәртіпте бірінші басшының бұйрығымен бекітілген құқықтық мониторингті өткізу кестесіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг өткізу; Департаментте шығарылатын бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа актілер жобаларының заңнама талаптарының сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізу, басшыға қол қоюға ұсынғанға дейін оларға қол қою; Бюроның құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, Департаменттерге келісуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерді келісу; Департаментте жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру; құзыреті шегінде тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын заңдық сүйемелдеу; Департамент пен Бюро қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент пен Бюроның мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білідіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды атқару. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау бойынша материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен және аудандық (қалалық) басқармалармен, респонденттермен жұмыс жөніндегі және тіркелімдер басқармаларымен өзара іс-қимыл. Семинар-кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Департамент сайтында орналастыруға арналған материалдарды әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.06.2026 – 19.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

23.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 үй (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 41