Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Бюроға келіп түсетін барлық хат-хабарларды қабылдау, бастапқы өңдеу; азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен арыздарын тіркеуді қамтамасыз ету; Бюро басшылығы бекіткен графикке сәйкес Бюро басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар іс жүргізуі аяқталған істерді ведомстволық архивке тапсыруды қамтамасыз ету; Бюро басшылығының визасы бойынша хат-хабарларды жаңа мекенжайға жіберу және Бюро басшылығының қарарына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне тарату; азаматтардың және ұйымдардың хаттары, өтініштерімен жұмыс істеу; жоғары тұрған органдар ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі Аппаратының тапсырмаларымен жұмыс; Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде істердің дұрыс қалыптастырылуын қамтамасыз ету, құжаттардың қозғалысы, олардың орындалуы, істерді Бюроның архивіне дайындау және беру; Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдау мен есепке алуды (тіркеуді) қамтамасыз ету және Бюро басшылығының қарарына сәйкес Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне бөлу; шығыс хат-хабарларды БҚА-да тіркеу, пошталық және курьерлік байланыс ұйымдары арқылы Бюроның шығыс хат-хабарларын жөнелту бойынша жұмыстар; Бюрода «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» ақпараттық жүйесін іске асыру; «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде архив құжаттарының құндылығын сараптау бойынша жұмыс жүргізу; құжаттардың жай-күйін, олардың уақтылы қалпына келтірілуін, архив үй-жайында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттардың сақталуын қадағалау; қағаз және электрондық құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясына тұрақты сақтаудағы істер тізімдемесін ұсыну; Бюроның ведомстволық архивіне келіп түскен құжаттарды сақтауды және олардың сақталуын қамтамасыз ету; келіп түскен сұрауларға сәйкес архив көшірмелерін беру, архив құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасау, архив жұмысы бойынша есептілік жасау үшін деректерді құрастыру; сақтау мерзімдерін көрсете отырып, Бюро қызметінде электрондық құжат форматында қалыптасатын құжаттардың тізбесін жасайды; мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу, тілдер туралы заңнаманы сақтау; заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілердің, Бюро басшылығының бұйрықтары жобаларының, статистикалық материалдардың, ағымдағы хаттардың, баяндамалардың, баспасөз хабарламаларының мемлекеттік тілдегі аудармасының теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма жоспарларында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету; Бюроның Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тиісті жылға арналған іс- шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту; Агенттікке Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 –2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы ақпаратты дайындау, Бюродағы және оның аумақтық органдарындағы тілдік жағдайға (іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін) талдау және мониторинг жүргізу; Басқарма жұмысының жылдық жоспарын қалыптастыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
b.gulzhanat@aspire.gov.kz
- 16.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 немесе ZOOM арқылы
-
8 7172 64 97 41