Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Физика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Стандарттау
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру; Бюроның Ақпараттық қауіпсіздік саясатының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және ұйымдастыру; Бюроның активтерін басқарумен байланысты рәсімдерді жүргізу; Бюроның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі мен қауіп-қатерлерін басқарумен байланысты жүргізу; Бюроның ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінімдерді тіркеу және тексеру; Қазақстан Республикасының бекітілген Заңнамасына сәйкес сәйкестендірілмеген деректер қорларының құпиялылығының сақталуын тексеру; Бюро және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық жүйелерге, телекоммуникациялар жүйелеріне, есептеуіш және ұйымдастыру техникаларына техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; Басқарма құзыреті шеңберінде Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберілген азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешу; құпия іс қағаздарын, түскен және дайындалған құжаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; ведомстволық аумақтық статистика органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру, рұқсат алу үшін арнайы сараптама жүргізу; ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне семинарлар, нұсқаулықтар және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
b.gulzhanat@aspire.gov.kz
- 16.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 немесе ZOOM арқылы
-
8 7172 64 97 41