Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Макроэкономикалық саясат департаментінің бас сарапшысы, B-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Математика және статистика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

 Депаратмент құзіреті шегінде экономикалық саясатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу. Депаратмент құзіреті шегінде экономикалық реформаларды іске асырудың тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және бағалау. Депаратмент құзіреті шегінде экономикалық реформаларды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, соның ішінде ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда сараптамалық қорытынды беру. Департамент құзыреті шеңберінде экономикалық реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірлей отырып, елдің дамуына, халықаралық үрдістерге талдау жүргізу, сондай-ақ әлемдік тәжірибені зерделеу. Елдің дамуын, халықаралық үрдістерді талдау, сондай-ақ экономикалық реформаларды іске асыру мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу арқылы әлемдік тәжірибені зерделеу. Халықаралық ұйымдармен және елдермен өзара іс-қимыл. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттықталдамалық материалдар дайындауға қатысу. Департамент құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеумен халықаралық тәжірибені зерделеу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2026 – 22.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.05.2026

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 84