Ерейментау ауданы Статистика басқармасының басшысы, санаты «С-О-3», «А» блогы

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық жасау, жүктелген міндеттердің, Статистикалық жұмыстар жоспарын, басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етілуіне дербес жауапты болу. Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асыру, басқарма жоспарының орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылау және жүргізу. Респонденттерден қағаз жеткізгіштерде алынған алғашқы статистикалық деректерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізуді жүзеге асыру. Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарларын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, жүргізу және бақылау. Респонденттерге және интервьюерлер мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Ісқағаздар жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқарманың мұрағаттық құжаттамасына байланысты жұмысын басқару. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2026 – 22.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: при отправке электронного письма с интернет портала государственных органов максимально допустимый объем файлов не более 20 МБ, с внешней почты (mail.ru., gmail.com и др.) не более - 5 МБ)

Сұхбаттасу күні

26.05.2026

Сұхбаттасу орны

Акмолинская область, г. Кокшетау, проспект Нұрсұлтан Назарбаев, 73, каб.315

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)25-05-48