Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Қызмет көрсету статистикасы бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 2 бірлік, «A» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүргізеді. Респонденттерге ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша оқыту семинарларын өткізеді. Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша респонденттерге және қалалық (аудандық) статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанына қатысады. Ұлттық санақтарды өткізуге қатысады. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды өткізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын қамтамасыз етеді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.04.2026 – 24.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.04.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, проспект Мәңгілік Ел, здание 55/6 (посредством ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 61