Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, функциональдық блок "Б")
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Атырау облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау. Статистика департаментінің заңгерлік жұмыстарын ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілердің, шешімдердің және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу және қажет болған жағдайда Департаменттің құрылымдық бөлімдерімен келісу. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Статистика саласына байланысты нормативтік құқықтық актілерді (енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) қызметкерлерге уақытылы таныстыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын түсіндіру және насихаттау, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын сәйкес Департамент қызметкерлерінің құқықтық оқытуын ұйымдастыру, құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында семинарлар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Қызметкерлерге құқықтық мәселе бойынша заңгерлік кеңес беру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты іріктемелі тексерулерді жүргізуді құқықтық сүйемелдеу, әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізуге қатысу. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына енгізу үшін әкімшілік дереккөздердің жартыжылдық тізімдерін қалыптастыру. Тексеруді тағайындау туралы актіні уәкілетті органда тіркеу, тексеру туралы мәліметтердің есепке алу карточкаларын және тексеру қорытындысы туралы хабарламаларды уәкілетті органға жолдау жұмыстарын үйлестіру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу, оның орындалуын қадағалау және уәкілетті органдарға есеп беру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайынғы ақпаратты жоғарғы органға ұсыну. Мемлекеттік кірістер органдарының ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органымен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жүргізілетін жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді On-Iine бағдарламасында жинауды қамтамасыз ету және Департамент бөлімдеріне уақытылы табыс ету. Консультациялық көмек көрсету және респонденттердің он-лайн режимінде алғашқы статистикалық деректерді ұсынуын жақсарту мақсатында шаралар қабылдау. Есеп нысандағы толтырылатын негізгі көрсеткіштер мен байланыс мәліметтерінің толықтығын бақылау. Е-статистика арқылы жұмыс жасалуын қамтамасыз ету және CRM бағдарламасына деректерді енгізу. Статистикалық нысандардың мекен-жай бөлігі өзгертілген және (немесе) толықтырылған жағдайда статистикалық бизнес тіркелімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар және «алғашқы статистикалық деректерді жинауды есепке алу ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешеніне енгізу. Статистикалық есеп беру нысандарын қайта қарау бойынша респонденттердің қатысуымен фокус-топтарға қатысу және өткізу. Респонденттермен және аудандық статистика бөлімдерімен семинар-кеңестерге қатысу және өткізу. Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына, өтініштеріне жауаптар дайындау. Алғашқы статистикалық деректердің және әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Бөлімнің істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Бөлім басшысының қызмет бабында қатысты өзге де тапсырмаларын орындау. Бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
b.gulzhanat@aspire.gov.kz
- 22.04.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 үй (ZOOM арқылы)
-
8 7172 64 97 41