Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Арал ауданының Статистика бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Математика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және бақылау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету. Бөлім жұмыскерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін белгілеу. Бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Бұлтты құжат айналым жүйесінде жұмыс істей білу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Статистикалық  жұмыстар жоспарына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және енгізу.Бөлім мамандарының бастапқы статистикалық деректердің құпиялылықтығын сақтауы. Респонденттерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Алғашқы статистикалық деректерді тапсыру мәселелері бойынша респонденттерге оқыту семинарларын, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, респонденттердің ұсыныстарын қарастыру. Респонденттерге қатысты деректерді уақытылы өзектілендіруді жүзеге асыру.Әкімшілік дереккөздерге қатысты  мемлекеттік бақылауды  қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында  көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру.Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде респонденттерге бармай мемлекеттік бақылауды ҚР мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында  көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру.Статистикалық тіркелімдерді:  статистикалық бизнес-тіркелімін, ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін өзектілендіру жұмыстарын жүзеге асыру.АШТ-ны өзектілендіруге арналған деректерді (ЭШБЕА БҚ–дан кесінділер, әкімшілік дереккөздерден қалалардың үй шаруашылықтарының агрегатталған деректері,) жинауды және шаруашылық бойынша есепке алу негізінде АШТ-ны өзектендіру жүзеге асыру. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Департамент басшылығы белгілейтін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2026 – 15.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10мб

Сұхбаттасу күні

17.04.2026

Сұхбаттасу орны

г.Кызылорда,улица Ы.Жахаева, 12

Анықтама алу үшін байланыс

8/724/27-40-98, 27-45-23