Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, (C-4 санаты, 1 бірлік, «А» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Экономика және менеджмент
Функционалды міндеттер
Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындауды және алдағы үш жылдық кезеңге Бюроның бюджеттік өтінімдері мен олардың негіздемелерін әзірлеу; кейіннен бекіту үшін төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын, қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау; нақты шығыстарды анықтауға байланысты төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын түзету; Бюро бойынша штат кестесін әзірлеу; аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты кәсіпорынның штат кестелерінің келісілуін қамтамасыз ету; бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыруға және жетілдіруге қатысу; мемлекеттік статистика саласында тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша ұсынылатын, іс-шараларды жүргізуге сметалардың қаржылық негіздеулерін талдау; статистика саласындағы бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау; бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысу; статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі талдау жүргізу барысында айқындалған кемшіліктерін жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және әдістерін жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу; процестерді тұрақты жақсарту және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу, бюджеттік шығыстар бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар дайындау; Басқарманың қызметі және міндеттерінен туындайтын өзге де тапсырмаларды орындау, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ағымдағы, тоқсан сайынғы және жылдық есептілікті құру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- 12.11.2025
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)
-
8(7172) 74-96-94