Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Ұлытау облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай- ақ заң сипатындағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамалығын насихаттау жөнінде жыл сайынғы іс-шараларды іске асырады, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастырады. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді. Департамент қатысатын даулар бойынша талап - арыз жұмысының, сот практикасының жай- күйін талдайды. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай - ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүргізеді. Респонденттерге алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мәселелері бойынша кеңес береді. Респонденттердің сұраулары бойынша статистикалық нысандардың тізімін ұсынады. Статистикалық есептілік нысандарын қайта қарау бойынша респонденттердің қатысуымен фокус-топтар өткізеді. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша қалалық (аудандық) статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді. Есептілік күнтізбесін қалыптастырады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлімнің басқа міндеттері мен функцияларын іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы))
-
8(7172)74-96-94