Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмыс жоспарларын қалыптастыруға және оларды орындауға бағытталған іс-шараларға қатысады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды және оларға жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді және бақылайды. Ұлттық статистика бюросының қызметіне қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттерге сауалнама жүргізеді. Респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар жобаларын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды талқылауды жүргізеді. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың нысандарын қабылдауды, тіркеуді («е-Статистика» ақпараттық жүйеде тіркеуді) бақылайды. Қағаз тасығыштарда алынған алғашқы статистикалық деректерден алынған «е-Статистика» ақпараттық жүйесінде респонденттердің мекенжайлық мәліметтерін өзектендіруді бақылайды. Респонденттерге қатысты бармай және әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Есептілік күнтізбесін қалыптастырады. Басқарма қызметінің мәселелері бойынша аумақтық статистика басқармаларының мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«В» функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.10.2025 – 03.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

08.10.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-95-30