Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Экономика салалары департаментінің бас консультанты, B-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департамент құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Департамент құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың экономикалық саясатты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісуге қатысу. Департамент құзіреті шегінде елдің дамуын, халықаралық үрдістерді талдау, сондай-ақ экономикалық саясатты жетілдіру мәселелері жөнінде тиісті ұсыныстар жасай отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу. Департаменттің құзыреті саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде ақпараттық-талдамалық материалдар
дайындауға қатысу. Экономика салаларының дамуына, халықаралық үрдістерге талдау жүргізу, сондай-ақ экономика салаларының дамуын жетілдіру мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірлей отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2025 – 18.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.08.2025

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, ғимарат 55/6

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 64 97 85