Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті заң бөлімінің бас маманы, (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Берілген тапсырмалардың, бұйрықтардың, міндеттердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс құжатайналымы бойынша материалдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Бұйрықтардың және  басқа да құқықтық сипаттағы актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу. Талап арыздар бойынша жұмыстарды жүргізу. Департаментте Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Департаменттің мүдделерiн сенімхат негізінде бiлдiру. Әкімшілік дереккөздерге қатысты  мемлекеттік бақылауды  қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында  көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде респонденттерге бармай мемлекеттік бақылауды ҚР мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында  көрсетілген тәртіпте жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласында әкімшілік жаза қолдану. Мемлекеттік сатып алуды қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру. Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте қарау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.07.2025 – 17.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

22.07.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (ZOOМ платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-96-94