Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаментінің бас консультанты ( В-4 категориясы, «А» функциональдық блогы , 2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Математика және статистика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеу.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі әдіснамасы бойынша құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

Стратегиялық жоспарлау саласында, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға және елдің дамуына әсер ететін кемшіліктер мен тәуекелдерді     анықтау   мақсатында   мемлекеттік    жоспарлау   жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларға талдау жүргізу.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу, түзету, іске асыруға мониторинг жүргізу және бағалауға қатысу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарына мониторинг жүргізу және бағалауға қатысу.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әдіснамасының мәселері бойынша үйлестіруге қатысу. Ведомствоаралық            келіспеушіліктер                                 туындаған              жағдайда      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беруге қатысу.

Елдің     әлеуметтік-экономикалық     дамуына     бағытталған     салаларды (салаларды) реформалау жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу.

Департамент құзыреті шеңберінде құрылымдық және институционалдық реформалардың іске асырылу барысын мониторингілеуге және бағалауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде қатысу.

Реформалар бойынша, оның ішінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған ақпарат негізінде жиынтық ұлттық баяндаманы қалыптастыру.

Мемлекет басшысының Жолдауларының жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ оларды іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу.

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік және әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру.

Департаменттің құзыреті саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.

Департаменттің    құзыретіне    кіретін    мәселелер    жөнінде    ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға қатысу.

Департамент құзыреті шегінде Агенттікке келісуге енгізілетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары және нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.05.2025 – 20.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

22.05.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 ғимарат, онлайн сұхбат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 64-97-84