Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары ( В-2 категориясы, «А» функциональдық блогы , 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-2 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

   В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Агенттіктің ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру және бақылау және материалдық ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануды бақылау; Агенттіктің материалдық қорларын сақтауды, беруді және толықтыруды жүзеге асыру;

Мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедураларын қолданыстаағы заңнамаға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету; Жетекшілік ететін Департамент қызметшілерінің орындаушылық тәртіпті сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Басшылықтың тапсырмаларын орындау уақытын және сапасын сақтауды қамтамасыз ету;

Агенттік құжаттарының уақытша сақталу және ведомстволық архивінде сақталу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;

Агенттіктің іс номенклатурасын жасау және құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу үшін сақтау мерзімдерін көрсете отырып, Агенттік қызметінде жасалатын құжаттардың салалық тізбесін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

Жоғары басшылықтан алатын өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2025 – 23.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

25.04.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 ғимарат, онлайн сұхбат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 64 97 84

8 (7172) 64 97 85