ҚР СЖРА Персоналды дамыту және басқару қызметі бас сарапшысы ( В-5 категориясы, «В» функциональдық блогы , 1 бірлік, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы 31.08.2024 жылға дейін мерзімге)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес;

4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

компьютерлік дағдылар мен құзыреттер,

шет тілдерін білу (ағылшын тілі)

Функционалды міндеттер

Басшылықтың Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сөз сөйлеулері үшін баяндамалар, материалдардың жобаларын дайындауды қамтамасыз ету.

Құрылымдық бөлімшелердің ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты үйлестіру.

Құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты үйлестіру.

Кадр құрамы мен ауысуы туралы статистикалық есептілікті дайындау және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну.

Агенттіктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары жинағының жобасын әзірлеу.

Кадрлық есепке алуды жүргізу (жеке істерді, арнайы нысандарды ресімдеу, тәбіл есебін, әскери есепке алуды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерге арналған мамандандырылған емханаға есепке қою және т.б.).

Агенттік жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Еңбек туралы, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын, Ар-намыс кодексін орындауды қамтамасыз ету және сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

Кадрларды басқарудың заманауи әдістерін енгізуді қамтамасыз ету;

Агенттіктің: конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, тұрғын үймен қамтамасыз ету, шетелде оқу, мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есептеу, Агенттіктің, Агенттік қарамағындағы ведомствоның, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерін марапаттауға іріктеу жөніндегі комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету.

Агенттіктің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Агенттік ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымының басшыларының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарға қатысу.

Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек қызметін бағалау және аттестаттау бойынша жұмысты қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет өткерудің қағидалары мен Еңбек кодексіне және заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес қағидалар мен рәсімдерді орындау (еңбек шарттарын ресімдеу және еңбек кітапшаларын, жеке құрамға, демалыс беру, іссапарға жіберу және т.б. бойынша бұйрықтарды жүргізу);

Қызметкерлердің еңбек демалысының жыл сайынғы кестесін жасау және бекіту;

Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерін даярлау, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

Агенттік қызметкерлері үшін грамоталар, дипломдар дайындауды қамтамасыз ету.

Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құралдарды әзірлеу және енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.08.2023 – 04.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

06.09.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 ғимарат, онлайн сұхбат

Анықтама алу үшін байланыс

 

8 (7172) 64 97 84

8 (7172) 64 97 85