ҚР СЖРА Әлеуметтік сала департаментінің бас консультанты ( В-4 категориясы, «А» функциональдық блогы , 1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астана қаласы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;
5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Әлеуметтік саланы реформалау және адами капиталын дамыту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуге қатысу.
Елдің дамуына әсер ететін жүйелі тәуекелдерді анықтау мақсатында әлеуметтік салаға және адами капиталының дамуына талдау жүргізу.
Реформаларды іске асыруға, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықтың әл-ауқатына бағытталған әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін арттыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау.
Департамент құзыреті шегінде Агенттікке келісуге енгізілетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау.
Әлеуметтік саланы дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындау бөлігінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге және түзетуге қатысу.
Әлеуметтік саладағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына мониторинг жүргізу және бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау.
Департамент құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторинг жүргізуге қатысу.
Департамент құзыреті шегінде реформалар бойынша Ұлттық баяндаманы қалыптастыруға және мониторинг жүргізуге қатысу.
Департамент құзыреті шегінде әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың ұсыныстарын келісу.
Департамент құзыретіне кіретін салаларға қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs-aspr@aspire.gov.kz
- 06.09.2023
- Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6 ғимарат, онлайн сұхбат
-
8 (7172) 64 97 84
8 (7172) 64 97 85